Мұнай мен газдың тарихы
Мұнай мен газдың алғашқы тарихынан
Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып , қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде ппайдалануды білген. Геродот өзінің шығармаларында Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көздерінің болғандығын, жиналған мұнайдан пайда болған асфалтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады.
Плутарх «Александрдың өмірі туралы» шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірілеп жазған. Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендерді ағаш басына орап , оны мұнайға малып алып тұратын , жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп оотырған. Бұл оқиға «Грек оты» деген атпен қалды.
Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулар алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі – дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағашпен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.
Түстік америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталды. Олардың арасындағы ең маңыздысы – 1497 жылы Колумбаның үшінші сапарында ашқан асфальткөлі. Оның көлемі 45,6гектар, ал тереңдігі мезгілге дейін анықталған емес.
«Өшпес оттың» Апшерон түбегінде және Дағыстан жерінде орын алғандығы мәлім. Отқа табынушылықты білдіретін халықтар, оның ішінде әсіресе , Индия халқы , Бақу қаласының мадалар оңындағы әрдайым жанып тұратын газ ошақтарын дәріптеп , олардың үстіне орнатып , әдейі дін ұясына айналдырған. VII ғасыр шамасында салынған дін ордаларында Грек жауынгерлерібұзып құлатты. Бірақ Персияны Аравия жаулап алғаннан соң отқа табынушылық білдіретін Персия халқы Бақу маңына қоныс аударып , құлаған ордаларды қалпына келтірді
Апшерон түбегіндегі Сурахана маңында салынған ордалардың бірі біздің заманымызға дйін бұзылмай жеткен. Бұл маңда халықтар 19-ғасырдың 70-жылдарына дейін отқа табынушылады көптеп кездестіруге болатыны тарихта қалған. Қазіргі кезде ол ордалар құлап , тек орны жатыр. Апшерон түбегінің қиыр шығысында да мұнай жер қойнауының жарықтарынан шығып, битумға айналған көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды көптеген аумақтардың болғандығы анықталды. Битумды Персия халқы жанармай ретінде пайдалану үшін теңіз арқылы өз еліне кеме- қайықтарға тиеп жжіберіп отырған. Каспий теңізінің ішіндегі Артем аралында да мұнай көздерінің болғандығы ертеден –ақ белгілі болды. Бірақ , бұл кен байлық, теңіз ортасында болғандықтан, оны халық дұрыс пайдалана алмады. Мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай , әдейі күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікмен , Қазақстан , Шығыс Мексика , Қытай т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.
Мұнай және газ көздерінің пайда болуы тек қана жер қабаттарының жарықтарымен байланысты деп айтуға болмайды. Соңғы кездерде Бақу қаласының маңы т.б. жерлердегі мұнай және газ көздері балшық вулканизм құбылыстарымен байланысты екені айқындалып отыр. Мұнай мен газдың шаруашылыққа қажеттілігінен, енді олдарды іздеп табу жағына көңіл бөлінеді. Алғашқы кездерде бұл кендердің көзін тәжірибесі мол адамдар ғана табатын болады. Жергілікті халық мұндай адамдарды «ізші» деп атаған. Ол адамдар , әсіресе , Апшерон түбегін қоныстанған халық арасында көптеп кездесетін. Бірақ олар бабадан атаға , атадан балаға қалған бұл кәсіптерін елге жария ете бермей, сыр ғып ұстаған, көп жылдар бойы мұнай өндіретін құдықтар осылардың қолында болған. Құдықтар тек қана солардың сілтеуімен табылып және ар шылып қазылып келегн.
17-ғасыр
17-ғасырдың бас кезінен бастап көптеген мұнай алаңдары жалпы бұқара халыққа мәлім бола бастады . Мысалы, Россиядағы «Ведомость» атты газеті 1703 жылы бірінші нөмірінде былай деп жариялады: «Қазақ қаласынан алынған хабар бойынша Соқу өзенінің бойында көптеген мұнай көздерінің бар екендігі анықталды». Ал , бұдан кейінгі кездерде «1865 жылғы тау-кен ғылымы санақ жинағында» былай деп жазылады: «Петроль иә болмаса мұнай Россияның көптеген аймақтарында табылып жатыр. Мұнай бұлақтары Архангельск губерниясының Шенкер уезінде , Царицин губерниясында, Ухта өзенінің бойында, Еділ өзенінің бойындағы Қазан, Симбирск, Самар губернияларында, Керчь және Тамань түбектерінде, Кубань бойында, Байқал көлі мен Сібірде , әсіресе , көптеген мұнай бұлақтары Кавказдағы губерниялық Бақу қаласының маңында барлығы анықталды». Өнеркәсіп орындары көбейіп, өндірісте түрлі машиналар мен механизмдер саны өсуімен байланысты мұнай мұқтаждығы сезіле бастады. Бұл жағдай мұнай саласындағы кәсіпшіліктердің ұлғайтылуын талап етті. Осыған байланысты мұнай алаңдарын барлау және оардан мұнай өндіру әдістеріне сай мұнай ғылым саласы керек болды.
Алғашқы кезде Ресей көлемінде мұнай туралы ғылым саласын жолға қойған атақты ғалым химик Д.И.Менделеев болды. Д.И.Менделеев көптеген ғылым салаларымен айналысумен қатар, мұнайдың химиялық қасиеттерін зерттеп , күрделі жаңалықтар ашты. Ол өзінің 1877 жылғы жазған « терістік Америка Штатындағы Пенсильвания және Кавказдағы мұнай өнеркәсіптері» атты еңбегінде « ... мұнай саласындағы ең басты міндет – оның жер қойнауында қалай орналасып жатқанын ғылыми жолмен тиянақты түрде зерттей білу» деді. Бұл әңгіме іс жүзінде орындалмаған жағдайда мұнай барлау , жаңа алаңдар ашып , оның қорын көбейтіп өндіру жұмыстарының қиынға соғатынын Д.И.Менделеев айқын көрсете білді. Д.И.Менделеев мұнай өндіру және одан алынатын қосымша өнімдерін , айыру кәсіпшіліктерінде кездесетін кедергілерді жете әшкерелей отырып , оларға қарсы үзілді – кесілді күрес ашты. Мұнай мәселесін өндірістік талапқа сай көтеру үшін ең алдымен Россияда орын алып келген , бір қожадан екінші қожаға мұнай сату, яғни « Откуп» деп аталатын жүйені жою керектігін дәлелдейді. Осыған байланысты 1872 ж патша үкіметі «Откуп » жүйесін жойды.
Алғашқы рет Баку маңындағы табиғи мұнай кендерінің геологиялық жағдайын 1827ж Н.И.Воскобойников жазды. Г.В.Абих 1861 ж бұл ауданның геологиялық картасын жасады. 1882 ж Россия аумағындағы мұнай, газ және басқа да кен байлықтарын ғылыми жағдайда зерттейтін Геологиялық Комитет құрылды. Патша үкіметінің бұл Комитетке бөлген қаржысы өте мардымсыз болғандықтан , оның құрамына аздаған , санаулы ғана мамандар тартылып , геологиялық зерттеу жұмыстары өте шағын көлемде жүргізілді. Осымен қатар зерттелген ұлан - байтақ Россия көлемінде геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын Геологиялық Комитет мүшелерінің саны 50 адамнан аса алмады. Осыған қарамастан, бұл Комитеттің жүргізген жер қойнауының зерттеу жұмыстары, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары сатыда әрі жемісті болды. Жаңадан көптеген мұнай және газ алаңдары ашылып , барлау жұмыстары арнайы жоспармен сапалы түрге келе бастады. Бұл табыс негізінен Геологилық Комитеттің мүшелері әрі ұйымдастырушылары атақты геологтар И.М.Губкин, Д.В. Голубядников , Н.И.Андрусов, Н.И.Ушейкин, А.П. Карпинский, Ф.Н. Чернишев , С.Н.Никитин т.б . нақты ұйымдастыру жұмысының нәтижесі еді.
Академик И.М.Губкиннің мұнай жөніндегі ғылыми- зерттеу жұмыстары , әсіресе Қазан төңкерісінен кейін кең өріс алды. И.М.Губкин барлау жұмыстарын жоспарлы,ғылыми түрде ұйымдастырды, әсіресе , Азербайжан Республикасына ,Ухта, Еділ бойына, Түрікпен, Қазақстан, Өзбекстан , Грузия , Екінші Баку аудандарында , т.б. жерлерде мәңгі есте сақталатындай еңбек қалдырды. И.М.Губкин жер қойнауының жаратылыс заңдарын жете зерттеумен байланысты мұнай және газ алаңдарынан балшықты вулканизм құбылысымен байланыстылығын дәлелдеді. Бұл жөнінде көптеген еңбектер жазып, арнайы теориясын ойлап шығарды. Өзінің «Еділ және Каспий бассейнінің мұнайы » атты еңбегінде алғашқы рет мұнай кендері тек тұз күмбездерінің шет жағалауларында орналасқан жаңа мұнай алаңдарының ашылуы арқылы дәлелденіп , жүзеге асты. Егеменді Тәуелсіз Одақтас мемлекеттердің мұнай өнеркәсіптік тарихы академик И.М.Губкиннің есімімен тығыз байланысты. Ол мұнай саласындағы ең маңызда божаулардың қожасы, мұнай өнеркәсібінің «ақсақал қолбасшысы» болып саналады
Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта
Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.
Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сактау технологиясын колданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және еңдейтін аудандарға жақын орналаскан елді мекендердегі адамдарды басқа жакка, яғни колайлы жерлерге кешіреді.
Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралык кешендердің біріне отын-энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру кажет.
Факттар
Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында темір көп. Ал Эмбі мұнайы керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш май ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме температурасында катады. Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр орнатылды. Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен Жаңажолдағы табиғи газдан күкірттісутекті алғанда - конденсат - бағалы химиялык шикізат алынады.
Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді. Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік үңғыдан мұнай фонтаны атқылап, теулігіне25 тонна мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды Самарадағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған. 1915 жылы Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры Ракушечная айлағына дейін салынды. Ол жерден мұнай баржаға жүктеліп, Каспий теңізі одан ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.
Теңіз мүнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар ауданға жатады. Кен орнының ұзындығы 19 км, ені 21 құрамында мұнайы бар тау жыныстарының калыңдығы 1,6 км. Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылды. Зерттелген қоры 3 млрд тоннадан артық, оның ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд т, ұңғының орташа тереңдігі 5500-6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т мұнай өндірді.
Қашаған мұнай кенішінің геологиялык қоры 4,8 млрд т. Кен орнындағы қабаттың қысымы (820 бар) өте жоғары. Сонымен бірге құрамында ілеспе газ және күкірттісутек бар. Мұнайды игеру 2010 жылы басталмақ. Кенішті игеру 40 жылға жоспарланды. 136 млрд АҚШ доллары жұмсалатыны жөніндегі шартқа кол қойылды. Оны «Солтүстік Каспий басқарушы компаниясы» (СКБК) консорциумы игереді. Бұл консорциумға: Қазмұнайгаз (Қазақстан), «Эксон-Мобил», «Шелл», «Эксон-Мобил», «Конокофиллипс» (АҚШ), «ЭНИ» (Италия), «Тоталь» (Франция), «Инпекс» (Жапония). * «Қазмұнайгаз» компаниясының үлесі - 16,81%.
Каспий теңізінің солтүстігінде Қазакстанның тарихында бұрынсонды болмаған Солтүстік Каспий жобасы іске асырылуда. Негізгі мақсаты мұнай және газ кеніштерін барлау және Қашағанды игеру. Теңіз акваториясының барланатын ауданы 5600 км2. Ұңғыны бүрғылау жасанды аралдар арқылы іске аспақ. Мұнай және газ қабаты орналасқан тереңдік 4300 м.