Мектеп директорлығына түскен екі адам да конкурстан өтпей қалуы мүмкін бе?

0 дауыс
602 қаралым
Мектеп директорлығына  конкурсқа екі адам түстік. Менің жалпы педагогикалық стажым -24 жыл, оның ішінде директордың орынбасары болып 17 жыл жұмыс істедім. Конкурстық кезеңнің 2-кезеңі қамқоршылық кеңестен  9 адам маған, екінші адамға 2 адам дауыс берді.Ұжым мүшелері ,ата-ана   атынан қолдау хат
және депутаттық сауал аудан әкіміне жолданды, 3-кезеңі облыстық кезеңнен мақтау естіп оданда жоғары балл алдым.Ал енді соңғы кезеңінде  аудандық білім беру бөлімі маған конкурстан өткен жоқсың деген хабарлама жіберіп отыр.Екінші адамға да конкурстан өтпегендігі туралы хабарлама келіпті. Соңғы кезеңі аудандық білім беру бөлімінде әңгімелесуде заңнан сұрақ қою арқылы өтті.Заңнан және педагогика-психология бойынша тест тапсырып өтіп келдім ғой.Ол жерде неге заңнан сұрақ қойылады,басшылық қызмет туралы әңгіме жүру керек деп есептеймін.Себептері қандай? Қандай кеңес бересіз?
Мектеп

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы