ЖОО бітірген соң басқа ЖОО-ға түсуге болады ма?

0 дауыс
967 қаралым
Университет аяқтаған соң басқа университетке КТ арқылы түсуге болады ма? Қазір оқып жатқан мамандығыма грант болған соң түсе салғанмын. Алайда уақыт өте келе қатты өкіндім. Оқудан шығайын десем, жақында диплом аламын
• Санаты: Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс

 КТ тапсырып тағы оқуға түсе аласыз. 

 Егер тағы да қалаған мамандығыңызға түсе алатындығыңызға сенімді болсаңыз немесе қазір ақылы түрде оқуға жағдайыңыз жетіп тұрса ,  уақытты құр кетірудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Байқағаным өзің қалап жасайтын жұмысыңда табысқа жету мүмкіндігі көп. Аса бір жетістікке жетпесеңіз де таңертең жұмысқа оянуыңыз сондай бір жан қиналыс болмайды.  Егер соңғы курста оқып жатсаңыз дипломды алып кеткен де артықтық етпейді. Ал оқуға түсіп тағы бір сала маманы атануға  ешқашан кеш қалмайсыз. Мысалы қазір менімен өзімнен 2 есе жасы үлкен кісілер де қатар оқиды. Сондықтан тағы бір маман иесі атану ешқашан кеш болмайды деп ойлаймын. Бастысы ынта-жігер болса болғаны.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
17.02.2023 • Санаты: Университет, колледж Белгісіз сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы