Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған.
Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Хомо Сапиенс) пайда болуы соңғы палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап адамдардың эволюциясында шешуші өзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата көшу басталады.
Алғашқы Хомо Сапиенс өкілдерінің пайда болуы әдетте б.з. 50-45 мың жыл бұрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінде табылған бес қанқаны зерттеу негізінде аңықталды.
Кроманьондық адамның тұрпатында, осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді. Оларға тән нәрсе – басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті өте жалпақ, тікше және мый қауағы кең (1500-1800 см3), бойы биік (168-194 см), сүйектердегі бұлшық ет бедері айқын көрінеді.
Жақсы Жауап
Жанета 2.10.2016 жауап берді
Адамзаттың келесі даму сатысындағы тіршілік иесі «тік жүретін адам» деп аталады. Олардың ғылымға белгілі өкілдері питекантроп пен синантроптар. Олар бұдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бірінші питекантропты 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан голландиялық ғалым Е.Дюбуа тапты. Содан бергі жүз жылдың ішінде Еуропа мен Азиядан, Шығыс және Солтүстік Африкадан осыған ұқсас 10 адамның қалдығы табылды. «Епті адаммен» салыстырғанда питекантроптың миының көлемі үлкейіп (950 см3), бас және жақ сүйектері кішірейді, аяғы ұзарып, қолы қысқара бастаған. «Тік жүретін адамның» екінші бір түрі синантроп алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь үңгірінен қазып алынды. Оның миының көлемі 1075 см3 болған. Қазіргі уақытта бізге синантроптардың 50-ге жуық қаңқасының қалдығы мәлім. Синантроп қаңқаларының жанынан түрлі формадағы тас құралдар мен күлдің, көмірдің, отқа күйген тастардың қалдықтары табылды. Тіпті бір жерлерде үйілген күлдің қалыңдығы 6 метрге дейін жеткен. Демек, синантроптар отты сөндірмей ұзақ уақыт сақтаған.
Адам дамуының келесі сатысы – неандерталь адамның пайда болуы. Бұл адам 1856 жылы тұңғыш рет Германияның Неандерталь жотасынан табылды. Сондықтан оған табылған жерінің аты беріліп отыр. Неандерталь адамның өзінен бұрынғылармен салыстырғанда дене бітімі өзгеріп, қас үстіндегі дөңесі азайған және маңдайы жазылып, иек пайда болған. Миының көлемі артып, 1300—1400 см3-ке жетті. Еуразия мен Африканың түрлі аймақтарынан 120-дай неандерталь адамның қалдықтары табылды. Зерттеу деректеріне қарағанда, олар қысқа бойлы (155—150 см), дене бітімі еңкіштеу, жүру мен жүгіруге епсіздеу болып келеді. Олардың артқа қарай тайқылау шот маңдайы, дөң қабақты үлкен бастары мен жуан, әрі қысқа мойындары денелерімен жымдасып, бірігіп кеткен. Танауы жалпақ, бұғақтары салбыраңқы, қолының саусақтары жуан, әрі қысқа болып келеді. Қолдары күшті болғанымен, оларға қазіргі адамдарға тән икемділік пен шапшаң қимыл жетіспеді. 1938 жылы академик А.П.Окладников Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жастағы неандерталь баланың қаңқа сүйегін тапты. Бұл баланың бет әлпетін танымал антрополог-ғалым М.М.Герасимов қалпына келтірген.
Ежелгі дәуірде қоғамның дамуы өте баяу жүрген. Өйткені адамдар көп уақытын тамақ іздеумен өткізді. Дегенмен, адамзаттың жетілу құбылыстары да жүріп жатты. Олардың өмір сүру ортасына бейімделіп, денелерін тік ұстауы мен ойлау қабілеттерінің дамуы қазіргіге ұқсас адамдардың пайда болуына алып келді. Адам дамуының келесі сатысында неандерталь адамнан кейін дене бітімі қазіргіге ұқсас "саналы адам" қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьон адам деп атайды. Оларға тән белгілер үңгірден табылған 5 қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. Бұл адамның түр-сипатында қазіргі адамдарға ұқсас белгілер көп. Олардың маңдайы жазық, қабақ үсті аздап шығыңқы, мұрны кішірек, бас сүйегі сопақша және иегі айқын болып келеді. Бас сүйегі қазіргі адамдарға ұқсас, миының көлемі - 1500–1800 см3. Кроманьон адамның дене бітімінде қазіргі адамдардан еш айырмашылық болмаған. Олардың бойы биік (168–194 см), аяқтары ұзын болған және тік жүрген.
Сырт бейнесі жағынан маймылға көп ұқсастығы болғанына қарамастан, алғашқы адамдар өзінің ежелгі туысынан анағұрлым биік тұрды. Өйткені оның ойлау қабілеті бар еді. Адамның ой-өрісі алғашқыда тым шектеулі болып, ауыр да баяу қалыптасты. Дегенмен, бұл адам дамуындағы үлкен жетістік болып саналды.