0 дауыс
715 көрілді
Экономист, іс жүргізуші, шаруа меңгеруші, көлік жүргізуші, күзетші, еден жуушы, аула тазалаушы, сантехник, электрик. Осылардың қайсысына сауықтыру жәрдемақысы төленеді? Қайсысы азаматтық қызметшілер? Техникалық қызметшілер кімдер? Техникалық қызметшілер азаматтық қызметшілерге кіреме?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Сонымен бірге, Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.

Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген.

Берілген тізбеге сәйкес азаматтық қызметшілерге біліктілік деңгейіндегі  мамандармен қатар Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалыққа (бұдан әрі – БТБА) сәйкес еңбегі кәсіби даярлық пен арнайы білімді талап ететін білікті жұмысшылар мен техникалық орындаушылар жатады.

Білікті емес жұмысшылар (мысалы еден жуушы) азаматтық қызметшілерге жатпайды, соған байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған жұмысшыларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шыққанда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді.

Толығырақ: https://www.enbek.gov.kz/kk/node/328094

...