0 дауыс
2.9k көрілді

№1 билет.

1. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.

2. Қазақстан Республикасының отын- энергетика кешені.

3. Картадан (мұғалім таңдауы бойынша) нүктенің координатасын табу.

№2 билет

  1. Атмосфера, құрамы, құрылысы, маңызы.

  2. Қазақстан- әлем картасында (территориясы, экономикалық- географиялық жағдайы мен мемлекеттік құрылымы), қазіргі Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері.

  3. Ауыр және жеңіл металдар өнеркәсіптерінің орналасу ерекшеліктері.

№3 билет.

1. Қазақстан территориясының зерттелу тарихы.

2. Батыс Қазақстан.

3. Африканың шеткі нүктелерін көрсету: солтүстіктен оңтүстікке қанша км-ге созылып жатқанын анықтау.

№4 билет.

1. Қазақстанның жер бедерінің ерекшеліктері. Тектоникалық құрылысы.

2. Қазақстанның шаруашылық құрылымы. Шаруашылықтың орналасу принциптері мен факторлары, кластерлер.

3. Картадан (мұғалім таңдау бойынша) қаланың координатасын табу.

№5 билет.

1. Қазақстанның климат қалыптастырушы факторлары.

2. Қазақстан Республикасы машина жасау кешені.

3. Картадан Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстың қара металлургиясының орналасу ерекшеліктерін ата.

№6 билет.

1. Қазақстанның ішкі суларының орналасу ерекшеліктері.

2. Қазақстанның экономикасы. Еліміз экономикасындағы шаруашылықтың өткені, қазіргі және болашақ негізгі даму кезеңдері.

3. Топографиялық картадан А және В нүктелерінің арақашықтығын анықтау.

№7 билет.

1. Табиғат ресурстары. Табиғат ресурстарының республика аймағында кездесу ерекшеліктері.

2. Қазақстан Республикасының қара және түсті металлургиясы.

3. Жердің ішкі құрылысын сызба- нұсқа түрінде салып, сипатта.

№8 билет.

1. Литосфера. Литосфералық тақталар теориясы.

2. Қазақстан халқы «Халықтың табиғи және механикалық қозғалысы. Демографиялық жағдайы».

3. Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары және олардың құрамына кіретін облыстарды көрсету.

№9 билет.

1. Ауыл шаруашылығына климаттың тигізетін әсері. Қазақстан Республикасының агроклиматтық қорлары.

2. Урбандалу. Ауыл және қала халқы.

3. Картадан дүниежүзілік мұхиттың тереңдігін анықтау.

№10 билет.

1. Қазақстанның өзендері, қоректену ерекшеліктері, ірі бассейндері.

2. Қазақстан Республикасының химиялық кешені.

3. Атластан Еуразияның (оқушының таңдауы бойынша) еліне жалпы сипаттама беру.

№11 билет.

1. Қазақстан Республикасының көлдері. Экологиялық проблемалары.

2. Алматы, Байқоңыр- еліміздің ерекше қалалары, олардың экономика дамуындағы алатын рөлі.

3. Атластан Павлодар облысының географиялық орнына сипаттама беру.

№12 билет.

1. Еуразия материгінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары.

2. Қазақстан Республикасының көлік кешеніне сипаттама беру.

3. Қазақстанның табиғат байлықтарына (таңдау бойынша) сипаттама беру.

№13 билет.

1. Гидросфера, оның құрамы.

2. Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібі, орналасу ерекшеліктері.

3. Қазақстан облыстарының урбандалудың жоғары және төмен деңгейін анықта, себебін түсіндір.

№14 билет.

1. Солтүстік Америка материгінің географиялық орнына сипаттама бер.

2. Қазақстанның экологиясы мен халықаралық экологиялық қарым- қатынасы.

3. Климат картасынан Қызылорда мен Петропавл қалаларының климаттық ерекшеліктерін анықта.

№15 билет.

1. Биосфера. Қоршаған ортаға адамның тигізетін іс-әрекеті.

2. Орталық Қазақстан.

3. Қазақстанның мұнай және көмір өндіру аудандарына (таңдау бойынша) сипаттама бер.

№16 билет.

1. Қазақстанның физикалық-географиялық, экономикалық-географиялық жағдайы.

2. Шығыс Қазақстан.

3. Диаграммаға қарап, климат типін анықта.

№17 билет.

1. Қазақстан Республикасының уақыт айырмасы. Жергілікті, белдеулік, декреттік уақыт.

2. Қазақстанның басқа шет елдермен саяси, сыртқы экономикалық, мәдени- гуманитарлық қарым- қатынасы.

3. Өзің тұратын қаланың, ауылдың, елді мекеннің экономикалық жағдайын сипатта. Ерешке ұлттық шаруашылық түрлері мен өндіріс орындары. Сен тұратын елді мекеннің облыс, аймақ, республика экономикасындағы маңызы.

№18 билет.

1. Географиялық қабық, оның құрамы, арасындағы байланыс.

2. Солтүстік Қазақстан.

3. Картадан Қазақстанның ірі СЭС мен ГЭС табу.

№19 билет.

1. Қазақстанның табиғи аудандары. Аудандарға бөлу себептері.

2. Оңтүстік Қазақстан.

3. Компос көмегімен көкжиек түстерін анықтау.

№20 билет.

1. Оңтүстік Америка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

2. Астана- Қазақстан Республикасының астанасы, қаланың аймақ, мемлекет экономикасының дамуы мен жаңғыруындағы алатын рөлі, ЭКСПО- 2017 көрмесін өткізетін жер.

3. Ертіс өзеніне сипаттама бер.

№21 билет.

1. Қазақстанның топырағы. Топырақ эрозиясы.

2. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені. Өсімдік және мал шаруашылығы.

3. Қазақстан Республикасының әр түрлі сағаттық белдеуде орналасуын шешу жолдары.

№22 билет.

1. Қазақстан Республикасының қорғалатын аймақтары.

2.Қазақстанның инновациялы- индустриялдық бағдарламасы.

3. Халықтың тығыздығын анықтау.

№23 билет.

1. Африка материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

2. Қазақстанның еңбек ресурстары.

3. Павлодар-Екібастұз аудандық-аймақтық комплексіне сипаттама.

№24 билет.

1. Аустралия материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

2. Қазақстанның геосаяси жағдайы.

3. Картадан облыс орталықтарын көрсету.

№25 билет.

1. Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

2. Қазақстан- әлем экономикасында (жетістіктері, тенденциялары, реформалары, халқының өмір сүру деңгейі мен ТКИ)

3. Картадан Қазақстанның табиғат зоналарын көрсет. Бір зонаға (таңдау бойынша) сипаттама бер.

2 жауап

0 дауыс
Бұны неге жібердің? ) 10-20 арасындағы билеттерге дайындал,  солардың біреуі түседі саған)
0 дауыс
Жауаптары бар ма??
...