сұрақ -жауап сайтында бал беріледі. Ол не үшін оны қалай жинауға болады?

+1 дауыс
475 қаралым

сұрақ -жауап сайтында бал беріледі. Ол не үшін оны қалай жинауға болады?

• Санаты: Жалпы сұрақ

1 жауап

+4 дауыс

Бал сізді көп ізденетін, білімді жан екенінді ерекшелеп тұрады. Осы білімімен шектеліп қалмайтын, өз ойыңды, білетін жауаптарды айтып басқа кісілерге көмек көрсетіп, сауап алу. Бал жай көп ізденуге себепші ғана. Ал білім, қандай да бір нарсені білу өзің үшін керек. Баллды негізі жарыс, сайыстыр, конкурстар ұйымдастырғанда соған қарап бағалайтын боламыз. Қолданушының белсенділігі, сұрақ қойып жауап бергенін анықтақ жеңімпазды анықтаймыз.

Қазіргі кезде мен студентп, әрі көп балалы жанұядан, оның үстіне әзірге тұрақты істеп жатқан жұмысым жоқ болғандықтан сайыстар істеуге жағдайым көтермейді. Яғни сайт ешқандай инвестиция, қолдау т.б. арқылы істеп тұрған жоқ. Сондықтан айлық ретінде қателерді туралап, ретке келтіріп отыратын Модератор, Редактор т.б. ұстауға да шама болмай тұр. Оқыған білімімді осындай іске салып, еңбек етіп жатырмын. Болашақта түрлі сайыстар, сайттың келбетін көріктендіру, тағы да жақсы мүмкіншіліктер қосу ойда бар. Қанша дегенмен жалғыз өзіме, жауап жазып, сұрақ қойып, сайттың мүмкіншілігін арттыру қиынға соғып жатыр. Мысалы: Сіздің сұрағыңыздың санаты Авто, Мото -да қалып кетті. Ал сұрақ Surak-zhauap.kz туралы -санатына қатысты еді. Екінші бөлікте санатты таңдаған жоқсыз. Осындай қателерді туралап ретке келтіру т.б. жұмыстарға үлгере алмаймын. Сондықтан сайтта балы жоғары, белсенді қолданушыларды Модератор, Редактор, Маман қылып таңдаймын. Егер қол бос кезде осындай шараларға көмек көрсетем деген жандар болса, мүмкіншілігін арттырып, тағайындаймын.

 2-3 жылдан кейін қазақ тілінде түрлі тақырыпта сіз іздеген сауалға толық түрде, қазақ тілді үлкен жауаптар контентті агрегатор болатын шығар. Әрине сіздердің арқаларыңызда. Сұрақ қоюдың еш ұяты жоқ, білмесең басқаларда сұра. Баллды қалай жинауға болады?-деген сауалыңызғажауап мынау, кесте жауап береді.

Сұраққа 3 балл.

Сұрағыңызға жақсы жауапты таңдағаныңызға 5 балл.

Сіздің сұрағыңызға жоғары/төмен дауыс берілуі: ± 3 балл.

Жауап бергенге 3 балл.

Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып табылса: 10 балл.

Сіздің жауабыңызға жоғары/төмен дауыс: 3 балл.

Сұраққа жоғары/төмен дауыс беру: ± 1 балл.

Жауапқа жоғары/төмен дауыс беру: ± 1 балл.

Жаңа тіркелген қолданушыға автоматты түрде 50 балл қосылады.

https://surak.baribar.kz/3259/админге-сұрақ

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы