0 дауыс
852 көрілді
Ассаламагалейкум жамагат!!!

Мен есим Жанболат!  Мен осыдан 1 жарым жыл бурын айелымнен ажырсам екы балам бар 1 ул 1 кыз арамызда ешкандай ештене болмады козге шоп салу анау мынау дегендер мен арак ишип шылым шекпейым азарт ойындарга да ауес емеспин.  Айелымнын шешесы мен апасы екеумизды азгырып акыры ажыратып тынды. Мен енды баларымды озиме калай алып калам соны айтып жибересиздерма?   Балаларым мен ушин кымбат ол зат емес кой керы сатып алатын менын каным гой. Айелыме осынша рет айттым ойлан алыде кеш емес  балаларымыздын болашагын ойлайык аке-шешемиз улкейып келе жатыр олар конак ертен кетеды биз каламыз орында  деп ойткены мен уйдын улкены едым. Менын шешемде оган айтады келиним ертен мен олгенде осы Жанболаттын касында анасыда жарыда болып калатын сен еркелигинды тастап оган урысыпта еркелетипте айтатын. Осы жакында акем ауырып калды журек талмасымен бурын ондайы жок еды улкен балам осы  улкен кисилердын баласы еды сол улкен немересин ойлап ауырып калды. Менде маза жок айелыммен былай сойлесем видеозвонокпен сойлесекенде телефонын аргы жагынан балам аке аке кашан келесин деп айкалап жатады 5те балам кызым 3 те сол дауысты естигенде балаларым сагынып козыме жас келеды. Айелымнын керы косылатын ойы жок айтканы ангимесы тек акша. Уйынде екы агасы намаз окиды баларымды урып урсатын корнет ел кулагы елуго.  Баларым менимен кездестирмейды. Бир рет баргам агасы пышак алып шауып маган казир сены бауыздайым деп баларымнын козинше  келесы сол агасымен сойлесуге барайын деп жатырганда касымдагы достарым токтап Жанблат акылын сатпа деп басып тастады. Енды мен бала шагам байлыгым ушын не истейым???  Айтыныздар екы балапанымды озыме ала аламба туракты жумысым жок бир жерде жеке тулганы коргаушысы  (оккагар) болып жумыс жасайым  сиздерден комек кутем агайын!!!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

50-бап. Әке (ана) болуды даулау

      1. Осы Заңның 49-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүргізілген туу туралы жазбалар кітабына ата-ананы жазу баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мүмкін.

      2. Осы Заңның 49-бабының 2-тармағының негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды.

      3. Заңда белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.
      Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың (осы Заңның 49-бабы 4-тармағының екінші бөлігі) туу туралы жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

Толығырақ: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000321_/z980321_.htm

0 дауыс

73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар. 

Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс. 

2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді. 

Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi. 

3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы. 

Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. 

4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 

Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады. 

5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар. 

Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн. 

Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы 

1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы. 

Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. 

2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi. 
Подробнее: https://kodeksy-kz.com/o_brake_i_seme/73.htm

...