0 дауыс
895 көрілді
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген міндеттері және айырмашылдықтары?

1 жауап

0 дауыс

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Қолданылып жүрген заңды текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өздерінің қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса, әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте, ерінің тегін) таңдайды.

Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.

Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемдену құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін телеу (мыс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы «Ақмола қаласына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы» 1471-санды қаулысын қараңыз), жас мамандарды бөлу кезінде отбасының мүддесі ескеріледі және т.б.).

Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шеше алады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті меншіктену және және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі – Заңның «Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормалармен реттеледі.

Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.

Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайптылар мүлкінің заңды режимі – олардың ортақ бірлескен меншік режимі қолданылады.

Бұған дейін де айтылғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңның 2-бабы ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды. Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлекскен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады. Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір затты ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ, сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.

Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың мүлкі) және т.б. жатады.

Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншылықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың, некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің  сый ретінде алған, немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланылатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.

Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы).

Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрған үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.

Ерлі-зайыптылардың, әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайлар да сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).

Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай заттың берілетінін сот айқындауы керек.

Егер ерлі-зайыптылардың біріне берілетін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төленеді.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 133-бабында көрсетілген ерлі-зайыптылардың, бір-бірін асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне асырап бағу жөніндегі міндеттеріне сәйкес олар бір-біріне материалдық қолдау көрсетуге міндетті. Ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қолдау көрсетуден бас тартқан жағдайда еңбекке жарамсыз жұбайының, сондай-ақ жүкті кезінде және бала туғаннан бастап үш жыл бойы әйелінің алиментті сот арқылы алуға құқы бар, бұл үшін жұбайының қолдау көрсетуге қаражаты болуға тиіс.

Алимент алушы жұбайдың еңбекке жарамсыздығы зейнетақы жөніндегі заңдарға сәйкес анықталады. Бұл заң бойынша мүгедектердің барлық үш тобы да (І, ІІ, ІІІ), сондай-ақ зейнет жасына жеткен азаматтар еңбекке жарамсыз деп танылады. Бұл адамдар зейнетақы алатын, алмайтындығына қарамастан еңбекке жарамсыз деп танылады.

Алимент алуды талап етудің екінші шарты – мұқтаждық, яғни бұл дегеніміз еңбекке жарамсыз жұбайдың өмір сүруге жетерлік қаражатының болмауы деген сөз.

Бұрынғы заң бойынша, еңбекке жарамды болғанмен де мұқтаждық көріп отырған жұбайдың, басқа жұбайдан алимент алуға құқы болмаған. Жаңа заңда мұқтаждық көріп отырған жұбайының мүгедек ортақ баланы бағып күткені үшін жұбайының алимент алу мүмкіндігі қарастырылған.

Материаллдық қолдау көрсету талап етіліп отырған жұбайдың қаражат жағдайы соған лайық болуға тиіс. Егер оның қаражат жағдайы бұған сай болмаса, талап етуші жұбайының еңбекке жарамсыздығы мен мұқтаждығы көмек ала алмайды. Алдыңғысының материалдық қолдауы оның қолда бар мүлкі, табысы, отбасылық жағдайы есепке алына отырып әрбір нақты жағдайға орай белгіленіп отырады.

Алимент алушы жұбайдың материалдық жағдайы да дәл осылайша анықталуы керек, өйткені, алынатын көмектің мөлшері де материалдық және отбасылық жағдайларға байланысты болмақ. Оның мөлшері алиментті төлеу кезінде белгіленген айлық есептік көрсеткіштің еселік қатынасымен бекітіледі.

...