Пікір-сайыс — ережелермен шектелген пікір-талас. Бұл интеллектуалдық ойын әсіресе оқушылар және студенттер қауымы арасында кеңінен танымал. Пікір-сайыс әр-түрлі форматтарда жүргізіледі. Карл Поппер форматында ойыншылар жақтаушы және даттаушы болып екі топқа бөлінеді. Әр топта 3 ойыншыдан: 1-спикер — кейсті түсіндіруші; 2-спикер — қарсылас кейсін талқандаушы; 3-спикер — ойынды қорытындылап, сараптама жасаушы. Мектеп оқушылары осы форматта ойнайды. Американдық Парламенттік формат: 2 топ, 2 ойыншы. Һүкімет тобы: премьер-министр және министр; Оппозиция тобы: оппозиция лидері және оппозиция мүшесі. Студенттер ойнайтын формат.
Бұлардан басқа Линкольн-Дуглас, Британдық Парламенттік формат дегендер де бар. Бірақ олар сирек ойналады.
Пікір-сайыста кімнің жеңгенін төреші анықтайды.
Қазақстанға бұл ойын алғаш 1995-1996 жылдары келді. Бұған көп үлес қосқан «Сорос-Казахстан» болды. Республиканың түкпір-түкпірінде мектеп, ЖОО-нда дебат клубтары ашылды. Бұл ойынның кең қанат жаюына қаржылық көмек беріп, ұйымдастырған «Сорос» қоры болды. Ал қазіргі кезде ұйымдастыру функциясын студенттер атқарса, қаржы жастар саясатына бөлінетін ақшадан, яғни мемлекеттен алынады. Қалалық, облыстық, республикалық турнирлер өткізіліп тұрады.
Пікір-сайысқа қатысу арқылы адам өзінің шешендік өнерін, логикалық, аналитикалық, сыни ойлауын дамытады, білімін толықтырады.