0 дауыс
1.4k көрілді
Отбасында екі бала бар: 1жасар және 5жасар. Ажырасу кезінде әкесі өзіне 5жасар баланы қалай қалдыра алады? Әкесі сотталмаған, жұмысы бар , яғни балаға өз қамқорлығын көрсете алады. Және егер бір баланы әкесіне қалдыратын болса, алимент мәселесі қалай болады?

2 жауап

+1 дауыс
Балалары бар болған жағдайда оның тәрбиесі кімге жүктеледі?

Статистикаға жүгінетін болса ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда 90 % бала анасында қалады

– Бірақ заң алдында ата-аналар баланы өсіруге тең құқылы. Балаға кім жақсы тәрбие беріп, оның өсуіне жақсы жағдай жасай алса, бала соның тәрбиесіне өтпек. Кейде анасының ішімдікке салынуына байланысты әкелеріне беріліп жатады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда анасында қалады.
Егер сот баланы анасында қалдырған жағдайда, әкесі баланы көре алмайды деген сөз емес. Ол өз баласын көруге құқылы. Көп жағдайда әйел адамдар балаларын әкесімен кездестірмей жатады. Осындай жағдайда әкесі баласымен кездесу уақытын белгілеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Іс қарау барысында сот әкесінің қай уақыттан қай уақытқа дейін баласын көре алатындығы анықтап арнайы кесте құрайды.
Бала 10 жастан асса «Балалар құқықтары туралы» және «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, өзінің кіммен тұратындығын таңдау бойынша пікірін айтуға мүмкіндігі бар. 14 жастан асқаннан кейін бала кіммен әрі қарай тұратынын өзі таңдау жасайды.

Қандай жағдай болмасын Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
0 дауыс

Неке және отбасы туралы кодексінің 73-бабына сәйкес Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

      1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.

      Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.

      2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.

      Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

      3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

      Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.

      4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.

      5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.

      Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.

      Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

...