Қазір әр елдің мамандары жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жайында қарама қарсы пікірде болып жатыр. Жұмыртқаның жұмбақ сыры әлі күнге ашылған жоқ. Десе де, бүгін біз оқырмандарға жұмыртқаның пайдалы әрі зиянды жақтарын бірдей жеткізуді жөн көріп отырмыз. Жұмыртқаны қайнатып та, қуырып та жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайбалы элементтер мен дәрумендермен қамтамасыз етуге болады. Құрамындағы ақуыз, йод, фосфор, селен, т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген. Ал кейбір деректерде, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады. Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Бірақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді. Ал жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді. Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi - құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.
https://www.inform.kz/kz/zhumyrtkanyn-zhumbak-syrlary_a2600433