Құралай Омардың "Ақ қар" деген кітабын Орал қаласынан қай жерден табуға болады?

0 дауыс
500 қаралым
Құралай Омардың "Ақ қар" деген кітабын Орал қаласынан қай жерден табуға болады?
• Санаты: Кітап, Әдебиет
өңдеді | 500 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Ақ қар 

Жауып тұр ақ қар 

Жауып тұр ақ қар... 

Ақ қарға сырды ақтардым. 

Құлдилап төмен 

Құлады жерге ақ қар – мұң. 

Аппақ қар болу арманым, 

Бiрақ Келмейдi табандарға тапталғым. 

Жауып тұр ақ қар... 

Көз жасы мүмкiн аспанның? 

(Мен неге одан жасқандым?!) 

Перiште болар кеудесiнен жиренiп ұшқан 

Тәңiрден қорықпай тасқанның. 

Жауып тұр ақ қар – 

Ақ үмiт, аппақ армандар, 

Орындалмай ақ парақ болып қалғандар. 

Қар көңiл берсең жетедi маған, жаратқан, 

Аппақ қардың тағдырын басқа салмаңдар! 

Аппақ қар – көңiл, 

Таусылмас, сiрә сұрағым. 

Кеуденi керiп жыр – ағын. 

Дәл өзiң құсап келедi менiң жылағым, 

Келмейдi бiрақ қап-қара жерге құлағым!

Толығырақ: http://adebiportal.kz/upload/iblock/7fb/7fb046013a7d4914fdc14830ee2028db.pdf

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,809 жауап
153,169 пікір
72,929 қолданушы