ЖОО және колледждердегі стипендиялар мөлшері
Cтипендияны тағайындау білім беру мекемесінің басшысының бұйрығымен жүргізіледі (ЖОО ректоры, колледж директоры). Стипендия мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 Қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия тағайындау, төлеу және мөлшерлері ережелеріне сәйкес реттеледі
Төменде келтірілген кестелерде білім алушылардың, соның ішінде студенттер, магистранттар, докторанттардың әр санаты үшін стипендиялар мөлшері нақты сипатталған.
1-кесте. Ең төменгі стипендия мөлшері
Студент санатының атауы/оқу орнының түрі
Жоғары оқу орны(ЖОО)
Кәсіби техникалық мекеме (КТМ, колледждер)
Студент
20949 тг.
16759 тг.
Интерн
37945 тг.
-
Магистрант
53530 тг.
-
Докторант
81998 тг.
-
Резидентура тыңдаушылары және денсаулық сақтау магистранттары
61561 тг.
-
2-кесте. Ұлғайтылған стипендия мөлшерлері
Студент санаттарының атауы /оқу орнының түрі
Жоғары оқу орны (ЖОО)
(ұлғайту мөлшері 15%)
Кәсіби техникалық мекеме (КТМ, колледждер)
(ұлғайту мөлшері 15%)
Студент
24 091 тг.
19 273 тг.
Магистрант
61 560 тг.
-
3-кесте. Президенттік стипендия мөлшері
Студент санаттарының атауы /оқу орнының түрі
Жоғары оқу орны (ВУЗ)
(ұлғайту мөлшері 50%)
Студент
41 898 тг.
Магистрант
107 060 тг.
https://egov.kz/cms/kk/articles/razmer_stipendii_rk