0 дауыс
411 көрілді

Қазақстан Республикасы Елбасы

Н.Ә.Назарбаевқа

Қызылорда облысы Арал ауданы

Сексеуіл кенті Сартай би көшесі

№11 үй тұрғыны жеке кәсіпкер

Қорғанов Еркебұлан Дарханұлынан

Тел 87027718108 *Emails are not allowed*

Өтініш

   Құрметті Елбасы осы өтінішім арқылы төмендегі жағдайды білдіремін.

    Мен 2014 жылы екінші деңгейлі банктен әкем несие алып беріп, Сексеуіл кентінде құрылыс материалдарын сатып кәсіп бастаған болатынмын. Жеке кәсібім өте қарқынды дами қойған жоқ, біртіндеп жолға қойылып келе жатыр. Қазіргі уақытқа дейін айналысып келе жатырмын. 2018 жылы ЖШС «Евро Казинвест» мекемесі мердігер болып Сексеуіл кентіне көмір әкеліп саттым. Осы мекеме сенімді болған соң осы мекеме директоры Аркадии Варавкин ЖШС Алмаз мекемесінің қызметкері Андрей есімді азаматтың телефон номерін берді. Осы Андреймен сөйлесіп ЖШС Алмаз мекесімен келісім шартқа отырдық.

    16 сәуір 2018 жылы ЖШС «Алмаз» мекемесімен 2 800 000 (Екі миллион сегіз жүз мың) теңгеге №18/120 санды келісім шартын жасастық. Келісім-шарт мәні Сексеуіл кентіне 2 вагон  М 500 маркалы Ресей цементін жеткізіп беру. Келісім шарттың 1.4 тармағында көрсетілгендей цементті 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеткізіп беруге тиіс болатын. Цемент жеткізу уақытынан кешіктірілуіне байланысты 2018 жылдың мамыр  айының 14 жұлдызында 2 800 000 (Екі миллион сегіз жүз мың) теңгені кері қайтару жөнінде ескертпе хат жолдадық. Аталған хатты ешкандай жауап қайтарылған жоқ. ЖШС Алмаз мекемесінен ешқандай жауап қайтарылмағандығына байланысты Қызылорда обылыстық экономикалық сотына талап-арыз жолдадым. Сот талап-арыз және қоса ұсынылған құжаттар негізінде сот менин пайдама қаражатты өндіру жөнінде шешім шығарды.

    Шешім негізінде Астана қаласында (борышкер Астана қаласында орналасқан) жеке сот орындаушы Давлетов Алмас жұмыс атқаруда. Жеке сот орындаушысының мәліметінше аталған мекеме құжат жүзінде жұмыс атқаруда, бірақ келісім шартта көрсетілген мекен-жайда мекеме орналаспаған, мекеме директоры және мекеме қызметкерлері түгелдей дерлік жоқ, яғни мекеме қызметкерлерінен ешқандай мәлімет жоқ. Менің ойымша бұл мекеме қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан. Бұл жерде жеке сот орындаушылары мекеме есеп шотына ақша түспейінше ешқандай шара қолдана алмай отыр. Ал бұл мекеме есеп-шотына ешқандай қаражат түспейтіндігі белгілі.

   Жоғарыда атап өткенімдей бір жыл бойы 2 800 000 теңге қаражатым алаяқтар қолында, сонымен қатар бұл қаражат ещқандай айналымсыз тұр. Бұл жағдай маған өз кезегінде ауыр соққы болып тиіп отыр, қазіргі уақытта жеке кәсібімде айналып бәсеңдеп банкротқа ұшырау қауіпі туындап тұр.

      Осы жағдайларды ескере отырып Сізден менің алаяқтар қолында жүрген қаражатымды қайтаруға яғни осы алаяқтарды тауып тергеу тексеру істерін жүргізуге, арнайы құзырлы орган мекемелеріне осы істі жеке назарға алуға қаражатымды қайтаруға көмектесуіңізді сұраймын.   

Сұраққа жауап беру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

...