Ия солай айтып жатыр Қазақтелеком сайтынан оқыдым! *Хит 10%* ----- *Хит-Оптима 5%* арзандайды екен Старт Қолданушылары енді 800Мб емес 3ГБ трафик болыпты!
![description][1]
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақтелеком» Megaline қызметін ұсыну тарифтеріне өзгерістер енгізеді.
Демек, 1 қаңтардан бастап компания «Megaline Hit», «Megaline Light», «Megaline Box» және «iD Net Hit», «iD Net Light» тарифтік жоспарлары бойынша ай сайынғы төлемді 10%-ға азайтады.
Сонымен бірге, 2012ж. 1 қаңтарынан бастап «Megaline Hit Optima» және «Megaline Light Optima» тарифтік жоспарлары бойынша ай сайынғы төлем 5%-ға төмендейді.
Бұдан басқа, таңдалынған тарифтік жоспарға байланыссыз Megalinе қызметіне қосылу құны 6%-ға төмендейді.
Megaline Start тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем есебіне кірістірілген сыртқы ресурстарға трафик шегі 0,8 Гбайт-тан 3 Гбайт дейін артады, сондай-ақ сыртқы Интернет ресурстарына трафик шегі артқаннан кейін жылдамдық артады.
«Megaline Drive» және «iD Net Drive» тарифтік жоспарлары бойынша ай сайынғы төлем деңгейі ҚҚС-пен 5 600,00 теңгеден ҚҚС-пен 4 900, 00 теңгеге дейін 12,5%-ға азаяды.
Аудандық орталық және төмен деңгейлі елді мекендердің абоненттеріне CDMA-450 жабдығының базасында EV-DO технологиясы арқылы ұсынылатын «Megaline 2000» және «Megaline 4000» тарифтік жоспарлары бойынша Интернет ресурстарына қатынау жылдамдығы 256 Кбит/с-дан 512 Кбит/с дейін артады.
Ақылды телефон қызметтер дестесіне енетін «Megaline Hit» және «Megaline Light» тарифтік жоспарлары бойынша 10%-ға төмендетіледі, сондай-ақ Turbo ақылды телефон мен Drive ақылды телефон дестелері бойынша кейбір өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап, соңғы тұтынушыларға ұсынылатын Халықаралық IP VPN қызметінің тарифтері 25%-ға төмендейді.
[1]: