Өрік, сары өрік, алхоры, арасындағы айырмашылық қандай?

0 дауыс
1.6k қаралым
Кейбір адам сары өрік деп "абрикос" -ты ғана атайды. Басқасы "абрикосты" жай өрік деп жатады. Үшіншісі сары өрік дегенде "желтая слива"-ға сілтейді. (Мирабель сорты) Мысалы, Гүлстан журналы.

Гугл суреттерінде екі атаудың арасында мүлдем айырмашылық жоқ.

Уикипедияда өрік жайлы мақала, болғанмен сары өрік жайлы ақпарат жоқ.
Тағы сол Уикиде, алхоры мен қара өрікке екі түрлі мақала берілгенмен жемістің суреті бір!
Осыны түсіндіре алатын маман бар ма?

Бір кем дүние!
Өсімдіктер

1 жауап

0 дауыс

Маман емеспін, абрикос өріктің орысша атауы деп білемін, меніңші сары өрік , өрік ол бір. Тек сорттарында айырмашылық бар болар ( қышқылдығы, көлеміне орай). 

Ал алхоры ол қара өрік, оның түрі де дәмі де өрікке келмейді. Алхорының тағы бір сорты бар, дәмі тәттәлеу алхорыға қарағанда Көксұлтан деп аталады қазақша.

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы