Баршаңызға сәлем! Негізінен оқиғаны баяндап өтейін: 3 жыл бұрын бір қызды жақсы көрдім, қатты бауыр басулық болды. Кейіннен мен оны ренжітіп алдым, ол ақырында басқа жігітпен жүре бастады. Бірде, ол жігітпен айырылысып маған келді, менімен айырылысып кетсе оған барды және осы аралықта менің артымнан бірнеше сөз айтылған, жазылған екен. Ол қыз мені өз жігітіне, құрбысына жамандаған. Бірақ мен бұдан бейхабар болдым. Кейін ол менің қызым боп жүрді, мен одан әлеуметтік желі арқылы сұрадым " кімді жақсы көресің? мені ме әлде ол жігітті ме?" деп. Алайда, басында жауап бермегенімен "екеуіңді де жақсы көремін" деп жауап берді. Кейін оны жақсы көргендігімнен болар, онымен жүре бердім. Бірде әлеуметтік желіден сол жігіттің атынан көптеп скриндар келді, мен туралы жазғандары, жамандағандары жайындағы. Мен оны бұрыңғы қызыма жібердім. Ол ештеңе дегісі келмей, мені жек көріп кете салшы деген жауаппен арақатынасымызды мүлде үзді. Кейін қайттан сол жігітпен арақатынасын бастады. Осы аралықта оны ұмыту үшін өзімді қанша қыстадым, ұмыттым. Содан әлгі мен жайында жаман ойлаған құрбысымен сөйлесе бастадым, бұрын қатты дос едік. Ақырында бауыр басып қалғанымды да білмеппін. Олда мені жақсы көрді. Мен туралы не ойлағаны жайындағы скриндарды(скриншот) оқыдымда, қатты ашуланып, оның хабарламаларына жауап бермедім. Ол қазір басқа қалада. Арақашықтықтағы сағынышта сезіледі екен. Оны қатты сағындым. Нөмірін ауыстырып тастаған. Менің болмашы қателігім көптеп зардап шектірді. Нестей аламын? Қалай кешірім сұраймын, күнде бір кешірім сұрай бергеннен жалықпады ма екен? Әлде ұмыта бергенім дұрыс па? Тек сын айтпай,кеңес берсеңіздер. Рахмет:з