0 дауыс
1.7k көрілді
Саламатсызба! Менде 12.01.18 и кешке устимде қызыл бөртпелер пайда болғанын кордим. 15-16 күн бұрын иним ауыр ған, содан жуктыма? Енді тез кетуі ушин нестим, мен универде оким сабақтан калп қоям ау,, тез емделу жолдары барма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбнесе балаларда кездеседі . Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның ,көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе...

Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбнесе балаларда кездеседі . Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның ,көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады.

Қызылша –қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.Бұл 100%жұқпалы ауру ,яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауыру қаупі жоғары болады.Міне ,сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды .

Ауру себептері

Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен,жөтелген ,түшкірген кезде бөлінеді.Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі.Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам.Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады.Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды,өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады.Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Қызылшаның белгілері

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін,яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды,ол суық тию белгілерімен басталады :дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі,әлсіздік,тәбеттің болмауы,құрғақ жөтел,мұрынның бітуі.Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы.Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 24 күннен кейін беттің шырышты қабығының(азу тістерінің қарсысында)ұсақ ақ дақтар пайда болады.Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады.Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда ,содан кейін тез арада бет ,мойын ,дене және аяқ-қолға таралады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп,формасын өзгертіп,бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін.Бөртпелер 4-7 күн сақталады.Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады,олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады.

Қабынулар

Қабыну балаларда 5 жасқа дейін, ал 20жастан асқандарда жиі дамиды.Ең көп тараған түрі ортаңғы құлақтың қабынуы(отит), соқырлық, бронхтық пневмония,мойын лимфоузолдарының қабынуы,ларингит, энцефалит.

Сіз не істей аласыз?

Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек.

Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін төсекте жату режимі,суды көп ішу, қызуын түсіретін ,тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау.Ал қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.

Қызылшаның алдын алу

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады.Қылылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды.Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады.Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады.Қорықпаңыздар ,бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес.Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса , міндетті түрде дәрігерге көріну керек.Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында , екіншісі 6 жаста жасалады.Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Толығырақ: http://www.gp11.kz/kz/patsientu-2/nazarlaryna/285-yzylsha

0 дауыс

Желшешекпен (ветрянка) ауырған науқастарды әдетте үйде емдейді, тек аурудың ауыр түрінде немесе асқынған жағдайда балаларды ауруханаға жатқызады. Тазалық пен жақсы күтім қажет. Басқа инфекциялық аурулардың жұғуынан сақтану керек. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий марганец қышқылының ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек. Бөртпелер кепкеннен кейін жылы суға жуынып, алса болады. Тамақ ішіп болғаннан кейін ауызды міндетті түрде шаю керек. Іріңді асқынулар болған жағдайда антибиотиктер тағайындалады. Бала жараның бетін қасып тастамауын қадағалаңыз. Баланың көңілін аулап, тырнағын алып тастау керек. Төсек орнын ауыстырып тұрған абзал. Ыстықтан алшақ ұстаған дұрыс. Өйткені науқас ыстықтаған сайын терлей түседі, ал тер қышуды өршіте түседі.

Жалпы желшешекті емдеу науқастың жасы, денсаулық жағдайы мен аурудың ағымына байланысты жүргізіледі.

Егер бала желшешектен басқа ешқандай аурумен ауырмаса, онда оны тек үйде емдеуге болады,

Балаларға қарағанда жасөспірімдер мен ересектерде ауру белгілері айтарлықтай ауыр болады. Түрлі асқынулар өршуі мүмкін. Әсіресе жүкті әйелдер мен иммундық жүйесінде бұзылыстар бар адамдар дәрігерлер қадағалауында болуы керек. Ауру белгісі байқалған жағдайда олар өз бетінше емделуге болмайды.

Кейбір науқастарға аурудың ағымын қысқарту үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындайды.

Аурудың алдын алу:
Белгілі бір алдын алу шарасы жоқ. Ауруға қарсы вакцина салынады. Желшешекпен ауырған науқасты бөлек ұстайды. Ауру асқынбаған жағдайда, бөртпелердің соңғы элементі шыққаннан соң 6 күннен кейін бала елмен араласа берсе болады.

Желшешекпен ауырған кезде пайдалы дәрлер:
Қышынуды басатын емдік дәрілер (таблетка): Лоратадин, Фенкарол, Ацикловир.
Ыстықты түсіруге арналған дәрілер балалар үшін: Ибупрофен, Ибуфен.
Терідегі дақтардың тез жазылу үшін крем – Ацикловир
Дәрінің мөлшерін қадағалаған жөн. Нұсқаулықты оқып танысып барып қолданыңыз. Дәріне мөлшерден артық қолдануға болмайды.

...