Шымкент қаласында арзан,тамақ бағалары қымбат емес кафе қай жерде бар

0 дауыс
1.6k қаралым
Бағалары қымбат емес кафе қай жерде бар,тамақ бағалары қарапайым кафе кім біледі
• Санаты: Жалпы сұрақ | 1.6k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Шымкент қаласында кез-келген кафелердің бағасы аса қымбат емес және тамақтары дәмді болады.

Жақсы тамақтанғыңыз келсе Момышұлы көшесіндегі Мизам кафесіне барсаңыз болады, қарама қарсы бетінде Кәусар атты кафе бар. Тамақтары жақсы.

Бағасы сәл қымбаттау бірақ сервисі мен тамақтарының дәмділігі бойынша Бақшасарай кафесіне баруға болады. Рысқұловтың бойында орналасқан, Евразия аялдамасынынан сәл ары қарай жүрсеңіз болғаны.

Шардара мен Бөген су қоймасының дәмді балығын жегіңіз келсе Тельманға барсаңыз болады. Бір көшенің бойы тек балық пісірумен айналысады.

Тағы қосымша Некрасованың бойында Дастархан т.б. көптеген кафелер бар. Тамақтары арзан әрі өте дәмді. (Онда сорпа мен палау, шашлик жеуге баруға болады)


Жақсы жауап таңдалды
+1 дауыс
Коммунизм, Тельман, Некрасова

Ұқсас сұрақтар

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы