Арақ құмарлықтан арылуға, ішкіштің өзіне айтпай қоюға көмектесетін емші білесіздер ме?

0 дауыс
695 қаралым
Менің әкем әбден араққа салынып кетті. Анамның да, балаларының да берекесін алады. Қаншама жыл болды айтып сөз өткізе алмадық. Өтінемін көмектесіңіздерші. Не істеймін? Не істеуге болады? Кейде әкемнің осы күйін көрмеу үшін, анамның қиналып жүргенін көрмеу үшін өз өзіме қол жұмсағым келеді.
Жанұя

1 жауап

0 дауыс

Ешбір балгер, емші әкеңізге арақты қойдырта алмайды. Адам өзі саналы түрде арақты қоймаса, оған өлетін укол салсаң да ішіп кете береді.

Психологиялық тұрғыда тәуелділікті жеңу қиын. Әкеңіз сау болған кезде жақын тартып, әңгімеге тартыңыз. Сіз қалай қиналып жүргендігіңіз туралы, өскен кезде осыларды көріп жүріп менің де сондай ішімдікке салынып кетуім мүмкін туралы айтыңыз. Мүмкін болса бірнеше күн система салдыртып, қасында болған дұрыс. Қайда барса да қасынан қалмай, ішкізбей жүрген дұрыс.

Жалпы айтайын дегенім балгер, емшілер дұрыс емес деп айтып ем дом салуы мүмкін. Бірақ одан көмек болады дей алмаймын!

Ұқсас сұрақтар

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы