0 дауыс
5.7k көрілді

Ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан (сперматозоидсыз) тұтас ағзаның даму жолы

1 жауап

+1 дауыс

Гүлді өсімдіктерге қарағанда ұрықтану үдерісі жануарларда өте оңай. Мұнда екі гамета: жұмыртқажасушасы және сперматозоид қосылады. Алайда гаметогенез - жыныс жасушаларының түзілу жолы туралы біраз баяндауға тура келеді. Гаплоидты гаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Еркектің аталық безі және әйелдің жұмыртқаларының жасушаларында да денеміздегі барлық қалған жасушалардағыдай диплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Жыныс бездерін шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:

  1. Көбею аймағы - онда митоз өтеді және жыныс бездерінің диплоидты жасушалары көбірек болады.
  2. Өсу аймағы - митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен өздігінен көшірмелену әдісімен екі еселенеді. Осы аймақтың соңында әрбір диплоидты жасушаның құрамында 2 хроматидтен тұратын хромосома болады, яғни ол бөлінуге дайын тұрады.
  3. Пісіп жетілу аймағы - мейоз жүреді, соның нәтижесінде жыныс безінің, диплоидты аналық жасушасынан қосылуға, яғни ұрыктануға жарамды хромосомалар жинағы бар төрт гаплоидты жасуша қалыптасады.
  4. Қалыптасу аймағы - сперматозоидтардың құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады; жұмыртқажасушаның қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады; құйрық негізіне митохондриялар жиналып, оның қозғалысын жеткілікті мөлшеріндегі АТФ қамтамасыз етеді. Цитоплазманың жұмыртқажасушаларында коректік заттар қоры жинақталады. Екі сперматозоидтың бірден енуіне кедергі келтіру үшін оны «сәулелі тәж» түзетін қосалқы жасушалар тобы қаптайды.

Сперматогенез (аталық жыныс жасушаның дамуы, шәует түзу) және овогенез (жұмыртқажасушалардың дамуы) үдерістерінің аралығында елеулі айырмашылықтар бар.

Овогенез бен сперматогенезді салыстыру

Овогенез Белгісі Сперматогенез
Тууға дейін ғана Әуелгі жасушалар көбейген кезде Жыныстық пісіп жетілу басталғанда және жыныс қызметі сөнген кезде
1 жұмыртқажасуша Жыныс безінің бір жасушасынан нәтижесінде түзілген толық жарамды гаметалар 4 сперматозоид
Көп (қатысады) Гаметалардағы (митохондриялы ДНҚ) цитоплазма саны Аз (жоқ болу)
«Сәулелі тәжі» бар, екі сперматозоидтың бір мезгілде ұрықтандыруына кедергі келтіреді Қосалқы жасушалар Жоқ
Жоқ. Губкаларда және ішекқуыстыларда ол амебаға ұқсас, сперматозоидтарды қарпуы мүмкін Гаметалардың қозғалғыштығы Бар

Жыныс жасушалары дайын болған кезде ұрықтану іске асады. Жұмыртқажасушаның ішіне тек сперматозоидтың ядросы енеді, ал жасушаның көп бөлігі: цитоплазма және сперматозоид құйрығы сыртта қалады. Ұрықтану соңынан сперматозоидтың ядролық материалы және жұмыртқажасушалар зиготаның ортақ бір ядросына бірігеді. Кейде жануарларда бірден гаметалардың бірнеше жұптарының қосылуы мүмкін. Мысалы, балықтарда және қосмекенділерде осылай өтеді. Аталықтар шәует шашқаннан кейін сперматозоидтар көптеген уылдырықтарға кездеседі. Мұндай үдерістердің іштей ұрықтану кезінде де болуы мүмкін. Жыландар және кесірткелер әдетте бірнеше жұмыртқа туады. Ірі қағанақты жануарларда бұл үдеріс - сирек, ал ұсақ жануарларда жиірек өтеді. Әдетте пілдер ешқашан екіден тумайды, ал тышқантектес кемірушілерде әдетте бірден көп болады. Адамда да бір жұмыртқалы (әр жынысты немесе біріне-бірі ұқсамайтын) егіздердің болуы мүмкін.

Партеногенез кезінде сперматозоидтың қатысынсыз өздігінен бөліне бастайды да ұрыққа бастама береді. Мысалы, бақбақ осы жолмен пайда болады. Атап айтқанда олардың гүлдері, сондықтан да өзара ұқсас, өйткені оларға тек аналықтың генетикалық материалы ғана тиді. Кейбір қызылша, темекінің кейбір түрлері осылай көбейеді. Жануарлардан бітелерді және дафнияны атауға болады. Бірақ жоғары жаратылымды жануарларда (мысалы, омыртқалылар) бұл үдерістің қалыпты жағдайларда болуы мүмкін емес. 

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%BA%D3%A9%D0%B1%D0%B5%D1%8E_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D2%B1%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83_%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%88%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96

...