Құнанбай аса дәулетті бай, биліктің саясындағы ауыл болысы болды. Құнанбай өз баласы Абайды билікке тартты, ел ісіне араласқанын қалады. Ол өз баласының ақын, жазушы болғанына түбегейлі қарсылық танытты. Абай жастайынан зерек болып, әжесі Зеренің ертегілерінен сусындап өсті, анасы Ұлжанның жұмсақ мінезіндегі құндылықтарды да, әкесі Құнанбайдың әділ әрі қатал тәрбиесін де көрді. Абай билік өкілі болуды қаламады, ол ақындық жолдың жолаушысы болуды көздеді.
Менің ойымша, Құнанбайдың Абайға берген тәрбиесі орынды әрі жөнді. Құнанбай болыс болды, Абайды билік басына шақырды, онысы дұрыс. Неге? Бұрын қалай болды? Қазір де дәл солай. Қазіргі таңда да билік басындағы шенеуніктеріміз де өз балаларын, өз туыстарын билік басына тартатыны белгілі және оны көріп те жүрміз. Көптеген оқырмандар, оқушылар Құнанбайдың Қодар мен Қамқаны аса айуандықпен өлтіртілгенін көп саралайды, әділетсіздік деп санайды. Шындығында олай емес. Сол кездегі заң солай болды., өліс жазасына кесілді, қаза тапты. Бұл ісі Құнанбайдың халық алдында, билік алдында әділеттілігін паш етті және солай жасауға мәжбүр болды. Қазір, біздің заманымызда, елімізде заңдар жинағында өлім жазасы атымен жоқ, мүмкін, болғанда заң өкілдеріміз Құнанбайдың әділеттілігін қайталауы да ғажап емес. Бүгінде балалар, жасөспірімдер неге Құнанбайдың қаталдығын әділетсіздік деп санайды?
Себебі, бұл ХХІ ғасыр – әйел мен ер теңдігі қалыптасқан, кез-келген бала еркіндікте, әке тәрбиесі тым қатал емес. Сондықтан да жас жеткіншектеріміз Құнанбайдың Абайға деген қатал тәрбиесіне селқос және жеңіл оймен қарайды деп есептеймін. Мен елімізде Құнанбайдай әкелеріміздің болғанын қалаймын және де осындай әкелер қазіргі қоғамда еліміздің отыз елдің қатарына ену үшін өз үлесін қосатын қайсар да қайратты жастар тәрбиелеуге керек екендігін үлкен қаріптермен айтқым келеді. Сөз соңында өз ойымды мына өлең шумақтарымен дәйектеп қорытқым келеді:
Ұшқыр ой мен ақыл керек адамға,
Тәрбиемен сусындайды балаң да!
Абайымдай ұлым болсын десеңіз
Құнанбайдай әке керек заманға!
Толығырақ: https://bilim-all.kz/olen/15398-MAuezovtyn--Abai-zholy--roman-epopeyasyndagy-Abaiga-bergen-ake-tarbiesinin-negizinde-zhatqan-tulgalyq-qasietteri