0 дауыс
162k көрілді
Менің жан досым - Азиз. Осы тақырыпта эссе жазуға көмектеріңіз керек?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

"Менің жан досым" сөзінің мағынасы не екенін сұрасаңыз, әркім әртүрлі жауап береді. Бірақ барлығының түсінігі бір, дос – үнемі қасыңнан табылатын, қиындықта көмектесетін жан.

Менің ойымша, достың орны бөлек, қасыңда қиналғанда сырыңды айтып, ал қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін жақын досыңның болғанына не жетсін, шіркін! Қазіргі заманда шынайы дос табу өте қиын…

Менің ең жақын құрбым бар. Оның есімі – Мәдина. Ол менің әпкемдей болып кеткен жан. Екеуіміз қайда барсақ та, бірге жүреміз. Бір-бірімізді ешқашан ренжіткен емеспіз, қайта қиын- қыстауда қол ұшымызды береміз. Мен бұл өмірде өз құрбымды еш ренжітпей, әрқашан да қасынан табылғым келеді. Дос туралы толғанғанда, ел арасында айтылатын мынадай бір аңыз есіме түсіп отыр: 

– Ертеде елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері дос болады. Кенеттен жаулар елге шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр, күздің қара суығына қарамастан, досын құтқаруға барады. Жау әскерлері оны ұстап алады. 

Сонда ол былай дейді: 

– "Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек жанымды  ғана бере аламын. Бір уыс жанымды алып, досымды босатыңдар", – деп өтінеді. Сонда олар жарайды, мен сені қыршыннан қимай-ақ қояйын, маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, – дейді. 

Бұған да мақұл, көзімді ал да, досымды босат деген екен батыр. Ал жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына иығын қойып, күлімдеп келе жатты. Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт қос көзінен айырылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына разы болды. 

Мінеки, достық деген қайда жатыр! Менің де дәл осылай досқа адал болғым келеді.

+1 дауыс
Эссе «Досым саған рахмет »

Өмірде шынайы, өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек. Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп. Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.

Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді. Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. .
Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз!
0 дауыс
Менің жан досым-Азиз.Онын жасы 10 .Біз бір сыныпта окимыз . Екеуміз айырылмас жан достармыз. Сабактарға бірге дайындаламыз, бірге футбол ойнаймыз, бірге тринаровкеге барамыз.Мен осы жан досым Азизден айырлығым келмеиді себе ол мені түсінеде, маган қиндык түскенде копек береді.Ол ақылды, сабырлы, парасатты бала.Менде осы жан досым Азизге қол ұшымды  беруге дайынмын менің жан досы...
0 дауыс
Сызге көп коө рақмет
...