0 дауыс
807 көрілді
Тойтабақтың тойбастардан айырмашылығы қандай?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тойбастар - қыз ұзатуүйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.

Тойтабақ – бұл дәстүріміз. Кеш соңында тойтабақ таратылатыны белгілі. Кәдесый ретінде бағасы қымбат емес дүниелер тарту етіледі. Соған қарамастан, тойдың соңына дейін тойтабақты күтіп отыратын жандар жиі кездесетін.

Бұл дәстүр бұрыннан келе жатқан үрдісіміз. Той жұғысты болсын деген тілекпен еске қаларлық сыйлықтар таратылуы қажет. Ежелден келе жатқан дәстүрлеріміз жойылмауы тиіс.

Ұқсас сұрақтар

...