+1 дауыс
457 көрілді
Салеметсыздерме менын сурайн дегеным бугн жумыста мен азлдеп бр секта бар крсен акша беред деп азлдедм кейн касыма намаз окитындар жиналып сен дынге тыл тигыздындеп мены балагаттап боктады жане кол котерды оларга мен дын жайлы ештеме айтпадм озм блмейтын бр секта бар крсен акша беред деп азлдедм дынге тыл тигызбедм десем олар коймай маган быз саляфпыз бызге не ыстей аласн сендер намаз окымайтындар малсындар деп мены жумыстан шгарп жберды осы маселеден кейн мен аурп уйде жатырм создеры катты конылыме тиды нестесем болады комектесыныздершы

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер заң жүзінде болса.............

Жарақат алсаңыз, емханаға барып жарақат алды деген қортынды аласыз, фотоға түсіртесіз, сосын шағымданасыз мені ұрды, соқты, балағаттады деп. ары қарай сот шешеді. 

Естеріңізде сақтаңыздар! Қызметкерді тек ол ұнамағаны үшін жұмыстан шығаруға болмайды. Жұмыстан шығару үшін заңды себеп болуы қажет.


Жұмыстан шығару туралы ескерту уақыты

Жұмыс берушінің бастамасымен: жұмыс беруші еңбек келісімшартын бұзу жөнінде қызметкерге бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуі қажет, егер еңбек, ұжымдық келісімшарттарда ескертудің бұдан да ұзақ мерзімі алдын ала белгіленбесе (ҚР ЕК 56-бабының 1-тармағы). Сонымен қатар қызметкердің жазбаша келісіміне сәйкес еңбек келісімшартын ескерту мерзімінің аяқалуынан бұрын да бұзуға болады.

Қызметкердің бастамасымен: қызметкер жұмыс берушіні бір айдан кем емес уақыт бұрын жазбаша ескертіп, өз бастамасымен еңбек келісімшартын бұзуға құқылы (ҚР ЕК 57-бабының 1-тармағы). 

Егер еңбек келісімшартының шарттары жұмыс берушімен орындалмаса, қызметкер жұмыс берушіге бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға құқылы. Егер жеті күн аралығында жұмыс беруші еңбек келісімшартының шарттарын орындамауды жалғастырса, қызметкер жұмыс берушіні үш күн бұрын жазбаша ескертіп, еңбек келісімшартын бұзуға құқылы (ҚР ЕК 57-бабының 4-тармағы). 

0 дауыс
Басқа бәле тілден. Ешқашан білімсіз сөз сөйлеуге болмайды, әсіресе дін,секта жайында. Сізге сабақ болды деп ойлаймын.Аңдамай сөйлеген -ауырмай өледі деген.
0 дауыс
Намаз оқымайтындар малсыңдар деп айтып тұрғанның өзі сондай.

Сондықтан оны көңіліңе алма, және ол не жұмыс құпия болмаса?
0 дауыс
Бұл жерде өзің бастап тұр екенсің, енді өзің бастап кешірім сұрауын керек. Мұсылмандар халыққа үлгілі  және де кешірімді болу керек.
...