0 дауыс
731 көрілді
Саламатсыздарма мен мектепте математикадан сабақ беремін.мен 2018 жыл отпускіге 9 июнде ,дəл сол айдың 11 де декретке шықтым жұмысқа қашан оралуыма болады больнишнийімде 15 қазан на работу деп жазған.сіздерден өтініш нақты заң бойынша нешесінде жұмысқа түсуіме болады?Алдын ала рахмет

1 жауап

0 дауыс

Декреттік демалыс – еңбек ететін азаматтарға ұсынылатын демалыс (әйелдерге де, ерлерге де). Әйелдерге – бала туғанға дейін және туғаннан кейін, ерлерге – бала күтімі бойынша 3 жасқа толған мерзімге дейін. Тәжірибеде көп жағдайларда декреттік демалысқа жүктілігіне 30 апта толуына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын ұсына отырып, әйелдер шығады. Аталмыш еңбекке жарамсыздық парағының негізінде әйелдер оған тиісті декреттік демалысқа, туғанға дейін және туғаннан кейін де, сондай-ақ бала туған күннен бастап 3 жыл ішінде бала күтімі кезеңіне шығады. Декреттік демалысқа шығуы бойынша мемлекет еңбекақыдан ұсталатын әлеуметтік аударымдар негізінде жәрдемақы төлейді:

  • жүктілігі бойынша (еңбекке жарамсыздық парағы негізінде, жүктіліктің 30-аптасында); 
  • босануы бойынша;
  • бала өмірінің бірінші жылы ішінде бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (қалған 2 жылда әйел ақша төленбейтін декреттік демалыста болады). 

Төлемдер туралы толығырақ «Декреттік демалыс» мақаласынан біле аласыз.
Ерлердің де, баланың 3 жасқа дейінгі күтімі бойынша демалысты ала алатынын да атап өтеміз (ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының негізінде).

Декреттік демалыстан қалай шығу керек?

Декреттік демалыс әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша, баланы 3 жасқа толғанға дейін асырау бойынша ақша төленбестен беріледі.  Егер әйел бала күтімі бойынша демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға тілек білдірсе, оған жұмыс берушіге жұмысқа шығу туралы өтінішті ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес болжамды  шығу күнінен бір ай бұрын ұсыну қажет.
Өз кезегінде жұмыс беруші (ҚР Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес) «декреттегінің» лауазымын уақытша атқаратын жұмыскерді  еңбек қатынастарының өзгеруі  - жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы бірден хабардар етуі тиіс.

Бала емізетін ана үшін толық емес жұмыс күні

Декреттік демалыстың тиісті мерзімінен бұрын жұмысқа шыққан әйел толық емес жұмыс күніне құқылы. Бұл баланы емізу 1,5 жасқа дейін жалғасу қажеттілігімен түсіндіріледі.

ҚР Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес 1.5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жұмыстың әр 3 сағатынан кем емес уақытқа баланы (балаларды) тамақтандыру үшін қосымша үзілістер ұсынылады:

  • бір баласы барға, - әр үзіліс 30 минуттан кем емес;
  • екі немесе одан да артық, - әр үзіліс 1 сағаттан кем емес.

Үзілістің дәл ұзақтығы жұмыс берушімен жеке келісіледі. Баланы (балаларды) тамақтандыруға үзілістерді түскі үзіліспен бірге немесе барлық үзілістерді жинақтап жұмыс күнінің басында немесе аяғында пайдалануға болады.

Баланы емізуге арналған үзілістер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыс уақытына қосылады.

Жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым

 Егер еңбек шартының мерзімі аяқталған күні әйел, уақытша жоқ қызметкердің орнын баса тұру жағдайларын қоспағанда, мерзімі 12 және одан көп апта жүктілік туралы анықтама және еңбек шарты мерзімін ұзартуға өтінішті жұмыс берушіге ұсынса, онда жұмыс беруші 3-жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі аяқталғанға дейін еңбек шартының мерзімін ұзартуға міндетті.

Қысқарту. Штат қысқарған жағдайда жұмыс беруші мынадай адамдарды жұмыстан шығаруға құқылы емес (ҚР Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес):

  • жүкті әйелдер;
  • 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
  • 14 жасқа дейінгі балаларды  тәрбиелеп жатқан жалғызбасты аналар (18 жасқа дейінгі мүгедек бала).

Жұмыс берушінің таратылуы. Компания таратылған жағдайда жүкті әйелмен еңбек қатынастары тоқтатылуы мүмкін. Жұмыс берушіге алдын ала жұмыскерді 1 ай бұрын жазбаша хабардар ету керек. Осының негізінде жұмыс берушіі 1 ай бұрын орташа еңбекақы мөлшерінде, сондай-ақ пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы болғанда – демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлейді.

Бұндай жағдайларда жүкті әйел міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады (жұмысты жоғалтуға, әкелетін әлеуметтік тәуекелдер, жүктілік және босануына, бала бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтімі міндетті сақтандыруға жатады). Әлеуметтік төлемдерді алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлемінің мемлекеттік орталығына (ЗТМО) жүгіну қажет.

 

Ұқсас сұрақтар

...