+2 дауыс
2.2k көрілді
Достар, төмендегідей киелі сандарды жалғастыра отыруларыңызға ешкім кедергі емес:

Үш байлық
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.

Үш данамыз
Абай, Шоқан, Ыбырай

Үш бәйтерегіміз
Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин

Үш жұртың
Өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың

Үш биіміз
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Үш арсыз
Ұйқы. Тамақ. Күлкі.

Үш қуанышың
Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі,ісіңнің өшпеуі

Бес қатер
От, жау, борыш, ауру, сөз

Жеті ата
Ата, әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене

Жеті қазына
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы

Жеті жетім
Тыңдамаған сөз - жетім,
Киюсіз тозған - бөз жетім,
Иесіз қалған - жер жетім,,
Басшысы жоқ - ел жетім,
Аққу-қазсыз - көл жетім,
Жерінен айрылған - ер жетім,
Замандасы қалмаса, бәрінен де - сол жетім.

Төрт құлзау

Қалың ел көшсе-
Көл құлзиды,
Қаптаған мал кетсе-
Бел құлзиды,
Нарқын танымаған-
Сөз құлзиды,
Қатарынан айрылған-
Шал құлзиды.

Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Сұрақтың жабылу себебі: Жако ағай дұрыс айтады

3 жауап

+1 дауыс
Арсыздардың қатарын көбейтейін:

Ұйқы. - қажеттілік негізі...алайда 25%
Тамақ. - артығымен қабылдау 15%
 Күлкі. - Орынсыз қылжаң 45 %
Ойын. - тіршілігің ойынмен өтсе...  47 %
Бос өткізілген уақыт. - сол ойын... 47 %
Арам дін. - Аллаға емес, арамға сену  80 %
Ұятсыздық. - XXI ғасыр кемшілігі 59  %
Эгоизм. -  қажет..десе де  36 %
Реніш . - себепсіз айып 11 %
Тыңдамаушылық. - ата - ана...ауыр күнә  93 %

*{ PS: Пайызбен арсыздықтың маңыздылығы берілген}*
0 дауыс
. Табиғатта жиі кездесетін және ядродағы протондардың немесе нейтрондардың саны киелі сандар деп аталатын 2, 8, 20, 24, 50, 82, 126 сандарына тең ядролар тұрақты болып келеді
+1 дауыс
Жігіттер бұл жерде сұрақ көрініп тұрған жоқ,сондықтан ережеге қарсы тірлік жасамайық. тақа жазғыларың келсе "Айтабер"ге кіріңдер. Сұрақ-жауаптың қолданушылары ол жақта да жетеді.

Ұқсас сұрақтар

...