0 дауыс
42.9k көрілді
Бәмсі Байрақ туралы шағын  мазмұн керек.Алдын ала рахмет

1 жауап

0 дауыс

«Қорқыт ата кітабында» Бәмсі-Байрақ немесе бізге Алпамыс есімімен белгілі батыр туралы тауарлар кезінде қаған Шыңғыс бала кезінен талай рет елітіп, еліге тыңдаған жыр жауһары болған. Есукей баһадүрдің баласы мазмұнына үңіліп ойын, екпініне қарап бойын түзеген дала дастанының бұдан басқа жыр үлгісі болуы мүмкін де емес секілді. Өйткені, қыңыр пайымды қиып түсетін қисын да, құр долбарды көтермейтін тарихи деректердің өзара үйлесіп қиюласуы да осыған мегзейді.

 «Қорқыт ата кітабында» оғыз-қимақ атауы түбірімен жоқ, мұндағы ұлыстың қазығы болған тайпалар сыртқы оғыз және ішкі оғыздарды қимақ яки қай тайпалары бірлестігі деп түсінген жөн секілді. Оғыз-қимақ ұлысынан бас батыры Бәмсі-Байрақ, яғни, Алпамыс бүлікшілікті бастаған өз тайпаластарының қолынан өледі де, бұдан кейінгі оқиғалар барысы оғыз-қимақ ұлысының бүлінуіне әкеліп соғады. Осы бүліншіліктің ақыры қай-қоңырат немесе қай-қият тайпаларының өздерінің байырғы атамекендеріне қайта бет бұруына себепші болды ма, болмады да, ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен Шыңғыс хан заманында, сонау Моңғалияда, осы екі тайпаның ең алдымен тарих сахнасына шығуы оқиғалар барысынының біз ойлағандай бағытта дамығандығынан хабар беретіндей. Бірақ олар ендігі моңғол нәсілді емес, жартылай, бәлкім, тұтасымен түркіленген еркіндік сүйер Ұлы Дала тайпалары еді. Олар Сыр бойына кіріптарлықпен барған алғашқы сапарларынан естелік ретінде өр де ер Бәмсі-Байрақ немесе Алпамыс батыр жайлы жырды алып қайтқан-ды. Біздің бала Теміжүн, болашақ қаған Шыңғыс бұл дастанды бала кезінен біліп өсті, оның мазмұнынан ойына қуат алып, санасына нұр сіңірді дейтініміз сондықтан.

...