Яндекстің вордстат деген сервисінен қарасам, "орыс тілін үйрену" деп интернеттен іздейтіндер саны айына 1000 ға жуық екен. Гуглдағы запростарды қоссақ бұл сан 2 мыңға барады. Сұрақ-жауап сайтындағы осыған байланысты сұрақтар да көп қаралады екен.
Әрине, қазақ тілі - өте бай әрі көркем тіл. Бірақ көптеген ақпараттар, заманауи кітаптар, ғылыми ашылулар қазақ тілінде тіпті аз.
Өкінішке орай, орыс тілін үйренемін деушілерге арналған оқулықтар жоқтың қасы екен. Онлайн сервистер туралы мүлдем ұмытуға болады. Осыған байланысты, орыс тілін қазақ тілді азаматтарға үйрететін онлайн жоба немесе мобильді қосымша жасау идеясы келіп тұр.
Қалай ойлайсыздар, сондай жоба керек пе?
Орыс тілін үйрену, қазақ жастарына пайда әкеле ме?
Осыған байланысты сұрақтарым көп еді, оның бәрін мына жерге жаза алмаймын. Google Docs бағдарламасында анкета ұйымдастырдым.
Осы анкетаны толтырып, сұрақтарға жауап берсеңіздер, қазақ жастарының дамуына септігін тигізетін жоба құрылуына көмектескен боласыздар.
Жауаптарыңызға рақмет!