Би,Хореграфия жағынан мамандық бар ма?

0 дауыс
1.4k қаралым
Мен қазір 9 сыныпқа көштім.Менің арманым жақсы би орындарына бару.Енді сұрағым би мамандықтары бар ма? Əлде бұл мамандықты таңдамағаным дұрыс па?Би мамандығы қалай болад ол үшін қайда бару керек айтып кетсеңіздер....!
Өнер

1 жауап

0 дауыс

Өнер колледждеріне, Жүргенов атындағы да колледж бар шатаспасам соларға барып тапсырып сұрастырып көріңіз. Құр отырмай барып сұрасаңыз онда болмаған кездің өзінде керек жерге бағыттауы мүмкін. 

Ал бимен айналысу айналыспау жағына келер болсақ ол мамандықтың дамып дамымағандығы сізді алаңдатпасын, бастысы сізге ұнаса болды. Маған да мектеп бітіріп жатқанда психология мамандығы  Қазақстанда дамымаған, қайтесің деп түсірмеген, қазір уақыт өте келе ең керекті мамандықтардың бірі бола қалды. Ал мен мүлде ұнатпаған мамандықтың иесімін) Сол үшін өзіңнің шын шаршамай талмай шынайы жасай алатын ісіңді таңда.

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы