0 дауыс
1.4k көрілді
Жасым 17 де. Жазда оқу жоқ. Қалада тұрамын. Ақша табуға бірнеше шағын бизнестерді айта кетсеңіздер. Ата-анама масыл болудан шаршадым. Жұмыс іздеп бармаған жерім жоқ. Еш жер қабылдамайды.
Өздеріңіз дің тəжірибелеріңізді айта кетсеңіздер. Бірнеше бизнес идеяларды дегендей...
Алдын ала рахмет!

5 жауап

0 дауыс

Бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз:

  • Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
  • Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
  • Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
  • Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
  • Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
  • Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.

Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

  • Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.
  • Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.
  • Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.
  • Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.
  • Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.
  • Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
+1 дауыс
Мен жазда айналысатын бизнес мороженное суық напиток сатыңыз.
0 дауыс
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ТАБЫСТЫ БИЗНЕС ТҮРЛЕРІ:

✔Фото-бизнес

Кез-келген дағдарыста табысынан айырылмайтын екі мамандық бар дейді: тіс дәрігері және шаштараз. Қазіргі уақытқа байланысты бұл тізімге фотографты да енгізуге болады. Қазақтың қандай тойына болмасын фотограф қажет.

✔Білім саласы

Қазір 3 жастан бастап балаларды мектепке дейінгі дайындықтарға жібереді. ЖОО мен мектеп ұстаздарына сұраныс тек арта түседі. Кейбір пәндер ағылшын тілінде өтетін болады. Қазақстан білім берудің үш түрлі моделіне көшеді. Сондықтан тіл үйрену, әсіресе, ағылшын тілі курстарына сұраныс көбейді. Айта кетсек, бір Алматы қаласында үш мыңға жуық білім беру орталықтары бар. Осы факторларды ескере отырып, білім беру саласындағы бизнес, әсіресе, тіл курстарын ашу жақсы табыс әкеледі деп айтуға болады.

✔Сұлулық салондары

Қазақстандағы ең табысты бизнес ретінде сұлулық салоны мен шаштараз қызметтерін де ұсынуға болады. Жұмысты кәсіби, тыңғылықты жүргізу мен жақсы маркетинг болса, бір жыл немесе одан да аз уақытта инвестиция шығынын толық өтеуге болады.

✔Ломбард

Мұндай қызметтер үнемі сұранысқа ие және қазіргі уақытта танымал. Кез-келген құнды заттарды немесе техниканы кепіл ретінде қабылдап, қарыз беру арқылы, үстіне пайыз қосу арқылы пайда көруге болады. Сонымен қатар, табысты көбейтіп, жалға алу шығынын өтеу үшін сол ғимараттың ішінде, ксерокс немесе кеңсе тауарларын сататын қызметтерді де ашуға болады.

✔Жалға беру

Соңғы кездері жалға беру қызметі өте танымал. Кез-келген қымбат затты жалға беруге болады. Мысалы: киім, бижутерия мен аксессуарлар, мерекелік костюмдер, қымбат, оригинал автокөліктер т.с.с. қазір сұранысқа ие барлық заттар.

✔Жерлеу қызметтері

Жерлеу агенттіктері барлық уақытта да қажетті қызмет түрі. Бұл дәстүр ерте ме, кеш пе барлығына қажет болады.(c) 7kun
0 дауыс
Астана каласы Республика 34 каб 909 9 этаж  косметолог массажист мамандығына тегин курстарга келиниз
0 дауыс
Жазда ең ыңғайлы бизнес ол бізде - балмұздақ сату. Көпте ақшаңыз кетпейді, Пайдасыда жақсы егер өзіңіз, тұрақты түрде жақсы жерді таңдасаңыз.
...