Сіздің бұл сұрағыңыз біраз даулы сұрақ. Біреуге жағады, біреуге жақпайды дегендей. Не де болса жауап беріп көрейік.
VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтеді. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысады, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізіледі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылады. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келетінін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтеді. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізіледі. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған. Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады. Азия ойындарына шамамен құрлықтың 45 елі қатысады деп жоспарланып отыр. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады.
Қазақ спортшылары неге аз? -деген сұраққа мысалы келтірейін. Осы сайтты ашқанда бұл сайт неге керек деп, ашпай-ақ қой деп адамның ынжығасын түсірген қолданушылар да болды. Қазаққа не істесең де жақпайды. Маселе сонда, немесе істегенді көре алмайды. Сіз өзіңізден бастаңыз, балаңызды немесе қызыңызды бала кезінен спорт секцияларына беріп. Бізде сол апарып баласын күреске, қызын домбыра үйырмесіне береді. Ал шаңғы, жүзу т.б. қысқы және жазғы олимпиада ойындарына қатысатын қазағымыз домбыра тартып жүр. Сонда жер сипап отыруымыз керек па, Қайтаға Қазақстанның намысын қорғап жүрге орыс ұл, қыздарына Рахмет! Қазақстанды алдыңғы қатарда алып келе жатыр, бүгіндікке 15 алтын алдық, Азия ойындарында бастап келе жатырыз. Соларға қарап өсіп іні- қарындастарымыз қызығып жақсы спорт түрлеріне қатысып, әлі-ақ талай сындарда Қазақ елінің намысын қорғайтын болады. Сіз солай етіңіз балаңызды жақсы спорт үйірмесіне беріңіз, мен де балаларымды берейін. Көш жүре түзеледі! Олқылықты бірденен жойа алмайсыз, уақыт өте келе өзі жойылады. Оған біздер себепші боламыз.