0 дауыс
3.0k көрілді

1. Исламда Күн қызуына жылынған сумен дәрет алуға болмайды, яғни мәкрух деп келтірілген. Бізде жазды күні душқа түсіп ғұсыл аламыз, дәрет аламыз, сонда осы жағдай мәкрух қа жата ма, дәрет, ғұсыл алғанымыз есептелмей ме?

2. Көпшілікпен бірге намаз оқығанда яғни жамағатпен(ЖҰМА НАМАЗЫНДА, ТАРАУИХ НАМАЗЫНДА), намаз үстінде дәрет бұзылса, қайта дәрет алып оқимыз ба? (Жамағат арасынан шыға алмай қалатын жағдайлар болады, қайта дәрет алып келем дегенше намаз аяқталады) Осындай жағдайда не істеу керек?

3. Дәретсіз айтылған, оқылған дұғалар қабыл болмай ма? Мысалы үйде құдайы қонақ асы берген кезде ауылдың үлкендері дәрет алмай ақ дастархан басында құран оқиды, Үйде де бос уақытымызда дәрет алмай ақ құран оқитын кездер болады. Ол дұғалар қабыл болмай ма? (дәрет алмай оқылған)?

1 жауап

0 дауыс

1. Күн нұрына жылынған суға ғұсыл алуға болады ма? Мысалы ауылды жерлерде сырттағы душтар.

Жауап:

Темір, мыс, қола және жез сияқты климаты ыстық елдерде күннің астында тұрып ысыған сумен дәрет не ғұсыл алу мәкруһ. Өйткені Айша анамыз (р.а) бір күні Пайғамбарымызға күннің астында тұрып ысыған суды әкеліп берген кезде, Алла елшісі (с.ғ.с):
"Әй, Хумайра, бұлай жасама, өйткені ол алапес ауруына ұшыратады", - деген болатын.
Фиқһ ғалымдары бұл мәселеге байланысты былай дейді: темір ыдыста ыстық климатты елдерде күннің астында ысытылған суда күн сәулесінің әсерінен темір ыдыстарын кішігірім бөлшектер бөлініп шығып, суға араласады. Мұндай су қан айналымының қалыпты жұмысына кері әсерін тигізіп, адамды ауруға шалдырықтыруы мүмкін.
Күннің астында тұрған ыдыстың аузының ашық немесе жабық болуы маңызды емес. Екеуі де мәкруһ, бірақ аузы ашық тұрғанның мәкруһтігі басымырақ.

3.Дәретсіз кезде дұға, салауат оқуға болады ма?

Жауап: Дәретсіз дұға оқу, истиғфар айту, салауат оқудың зияны жоқ. Бос тұрғанда да, бір іспен айналысқанда да бұларды оқу өте жақсы болады. Дәрет бар болса, көбірек сауап беріледі. Дәретсіз болса, тіпті етеккір келген күндерде де оқудың зияны жоқ.

Мұсылманның бірден-бір ізгі амалы, сауапты ісі дұғасыз басталмайды. Ең көп айтылатын дұға «бисмиллаһ». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір бисмиллаһсыз басталған іс шолақ деп Алла атымен басталмаған іс көздеген мақсатқа сай жалғасын таппайтындығын ескерткен.

Алла тағала: «(Мұхаммед!) (с.ғ.с.) Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегіне жауап берем. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді,– деп әмір етеді.

Иә, Алла барлық пенденің дұғасына жауап береді. Алайда, жауап беру мен қабыл алу екі басқа. Жауап беру – тілегін жерде қалдырмау, ал қабыл алу – айтқан тілегін бұлжытпай дегеніндей етіп беру. 

...