0 дауыс
610 көрілді
Ағылшын  тілін  үйрене  алмай  жүрмін . Не  істесем  болад  өз  бетіммен  үйрену  үшін  қанша  сөз  жаттау  керек.  Қандай  кітап  бар.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ағылшын тілін өз бетімен үйренген қыздың әңгімесі

Кітаптардың пайдасы көп тиді. Біздің үйде ағылшын тіліндегі кітаптар өте көп. Алғашында Oxford кітабын оқып бастадым. Онда барлығы суретпен берілген. Яғни, суреттегі заттардың атауы жазылып тұратын. Бұл кітап маған аса көп көмектеспеді. Себебі біріншіден ол қиынырақ болды, екіншіден онда сөздердің қалай оқылу керектігі болмады. Сосын мен Hot spot кітабын оқыдым. Жаңа бастаушылар үшін өте жеңіл кітап. Кітаптың артында сен жаттау керек сөздер көрсетілген. Олар аударылмаған сөздер, сен оны өзің аударуың керек. Бұл маған жақсы көмегін тигізді. Менің жаттау қабілетім өте төмен болатын. Сол үшін ағылшын тіліндегі бір сөйлемдлі алып, соны аудару арқылы көп сөзді есімде сақтап қалдым. Одан кейінгі оқыған кітабым Inspiration болды.

Музыка тыңдадым. Маған Майкл Джексонның әндері көмектесті. Оның бейнебаянын көріп сөздерін есту арқылы әнінің мағынасын бірден түсінесің. Сөздері жеңіл.

Ғаламтордан жаңа достар таптым. Менің ғаламтор арқылы тілдесетін түрік досым болды. Ол менімен қатарлас бала болатын. Біз бір-бірімізбен ағылшынша сөйлестік. Мен ол кезде ағылшын тілін жақсы білмейтінмін. Бірақ сонда да алға қойған мақсатыма жету үшін ол баламен жиі сөйлестім. Пайдасы көп тиді.

–Күніне 100-ге жуық сөз жаттадым. Әрине, ең басында 20-30 сөзден бастау керек. Сосын соны күн сайын өсіріп отырасың. Бірақ шын мәнінде 100 сөзден жаттайсың. Мысалы, Hot spot кітабын оқысаңыз, оның артында жаңа сөздерге құрылған сөйлемдер болады. Сіз ол сөйлемді аударып отырып түсінесіз.  Мүмкін байқамайтын боларсыз, бірақ осы арқылы күніне 100 сөзден білесің. Осыдан кейін бәрі жеңілдей түседі. Бұл бір жағынан сөздік қорыңды көбейтсе, бір жағынан сөздердің қойылу ретін, яғни грамматиканы қоса үйренесің.

...