0 дауыс
368 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Мен мемлекеттік қызметте 8 жылдан аса жұмыс істеп келем. Басында жақсы еді, ынтам күшті, ізденісте жүретінмін. Кейін әйел кісі бастық болып келген соң мүлдем мазам кетті. Мені көрсе дікілдеп, причина іздеп, одан қалса мазақ қып сөйлейтінді шығарды. Тура әкесін өлтіргендей өш болды. Сөзімді бөліп аузына келгенін айтып, еркектік намысымды күнде таптайды.Істеген ісіме көңілі толмай күн сайын айқаймен стресспен өткізіп келемін. Қолды бір сілтеп кетіп қалғым ақ келеді. Бірақ көмектесетін демеуші жоқ. Ертеңгі күнді тағы ойлаймын.Үкіметтің айлығы аз жұмысы нервті тауысты.  Қашанғы осылай бетпақ бастықпен бірге жүрмекпін. Денсаулығыма әсер етіп жүр, басым жиі ауырады. Не істейін арыз жазып құлағымды тыныштандырғаным дұрыс па?Жақсы кеңес болса айтыңыздаршы

1 жауап

0 дауыс
Жұмыстан шаршауды жоюдың жолдары:

Әрине, күнұзақ компъютердің алдында отыру оңай емес. Бірақ Сіз өзіңізді әлсіз сезініп, өн бойыңыздан шаршау сезімі үнемі байқала берсе,  алдымен дәрігерге көрінгеніңіз абзал. Мүмкін бойыңыздағы сырқат сіздің толыққанды жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бермей отырған шығар. Сіздің тез шаршауыңызға себеп болатын сырқат түрлері:

Анемия;

Диабет;

Жүрек ауруы;

инфекциялық аурулар;

бауыр сырқаты;

күйзеліс;

2. Иогуртты жиі жеу керек.

Иогуртты жиі жесеңіз,  шаршамауыңыз бек мүмкін.  Оның құрамында бай энергия бар. Ол шайнап жеп, жұтатын тамақтарға қарағанда, жақсы қорытылады және адамның ағзасына күш береді. Жұмыстың өн бойында шаршап жүру асқазан жұмысының тепе-теңдік сақтамай, оның бұзылуынан да пайда болады.

3. Жұмыс уағында тәтті жеудің қажеті шамалы.

Көп азаматтар «тезірек энергия аламын» деген оймен қою шаймен тәтті жеуді дағдыға айналдырады. Алайда мұндай кезде бойыңыздағы қанттың мөлшері төмендейді де, сіз өзіңізді әлсіз сезіне бастайсыз. Шектен тыс көп  тоя тамақ ішу де жұмыс процесіне кедергі келтіріп, салмағыңызды арттырады. Сондықтан адам өзін тың сезінудің басқа жолы бар екенін ұмытпауы керек.

Отыра бергенше, жиі  жаяу жүріңіз;

Арасында Бір стакан суық су ішіңіз;

4. Жаңғақтың пайдасы көп.

Көп адамдар жұмыс арасында шай ішіп, әртүрлі тағамдарды жеп, аузы тынбай отырады. Ал оның қажеті шамалы. Ең дұрысы, бір сәт жұмыс столыңызда отырып, жаңғақ жеп қойыңыз. Оның құрамында майлы пайдалы заттар бар. Ол сіздің шаршауыңызға мүмкіндік бермейді. Әсіресе, грек, Бразилия жаңғақтарының пайдасы зор. Сондай-ақ фундук және арахис жеп отырсаңыз да  шаршамайсыз.

5. Бір кесе шай ішкен дұрыс.

Кофеден гөрі шай ішкен пайдалы. Шайдың құрамында кофеин және  L-теанин бар. Бұл сіздің шаршамауыңызға көмегін тигізеді. Шай сіздің белсенділігіңізді арттырады, есте сақтау қабілетіңізді жақсартады. Бірақ шамадан тыс ішудің қажеті шамалы.

6. Жұпар исі бар шөп қосылған шай жақсы.

Қазіргі уақытта ірі қалалардағы кафелерде келген қонақтарға ішіне жұпар исі бар шөп қосылған (мятный чай) бір шайнек беру дағдыға айналды. Ал бұл шайдың пайдасы зор. Адам өзін әркез сергек сезінеді.

7.  Компъютерден бір сәт аулақ кетіңіз.

Егер сіз күні бойы компъюердің алдында отырып, мақала немесе баяндама немесе есеп-қисап жазатын болсаңыз, онда түстен кейін шаршай бастайтыныңыз ақаиқат. Ондай      жағдайда не істеу қажет? Ара-арасында 10-15 минуттан үзіліс жасап тұру керек. Бір сәт электронды техникалардан аулақ кетіңіз. Үйге келген соң да компюътерге жақындамағаныңыз дұрыс. Жұмыстың жалғасын үйге әкеліп істеу дұрыс  нәрсе емес.

8. Спортпен тұрақты айналысыңыз.

Спортпен тұрақты айналысып, жиі жаттығу жасау, Сіздің денеңіздегі қан айналымыңызды арттырады. Ағзаны шаршатпайды.

9. Жұмыста белсенді болған жөн.

Әрине үнемі белсенді болуға мүмкіндік бола бермейді. Бірақ ол өз қолыңызда. Дегенмен, шаршағаныңызды басу үшін арасында орныңыздан тұрып, 5 минут керіліп –  созылғанның зияны жоқ. Орныңызда тұрып секіргеннің де пайдасы бар. Жалпы өзіңіз отырған жерді немесе ғимаратты бір айналып шықсаңыз, артықтық етпейді.

10. Салқын судың зияны жоқ.

Суық суға бір сәт шомылуды әдетке айналдырсаңыз,  әрдайым сергек жүресіз. Бір ғана мысал, сіз ыстық моншадан кейін суық суы бар бассейнге секірсеңіз, қандай кейіпте боласыз. Тамаша емес пе?  Сондықтан суық суға бір сәт  сүңгіп тұрыңыз. Жұмыста та шаршап бара жатсаңыз, беті-қолыңызды өте салқын сумен бір жуып алсаңыз, артықтық етпейді.
...