0 дауыс
26.2k көрілді
Ауыз бекітуді таң намазы басталып кеткеннен кейін, білмей бекіттім. Оразам бұзылды ма?Және берілген уақыттан кейін асып ауыз бекітсе не болады, білмей қалсам?

1 жауап

0 дауыс

Сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек.

Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «...Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар...»[1]. Бұл аяттағы «қара жіп» – түнді, ал «ақ жіп» таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезінде сәресі уақытында екі азан айтылатын: бірі сахаба Біләлдің азаны, екіншісі сахаба Умму Мәктумның азаны.

Хз.Біләлдің азаны таң намазының уақыты кірмей тұрып айтылатын, ал Хз.Умму Мәктүмның азаны таң намазы кірісімен айтылады.  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы екі азан арасында сәресі ішкендігі, екінші азанда намазға тұрғандығы сахаба Зәид ибн Сәбиттен риуаят етілді[2].

Мәлімет muslim.kz сайтынан алынды

Ұқсас сұрақтар

...