0 дауыс
1.3k көрілді
Ас салам алейкум, алдыңғы рамазан да оразаңы 2 күн кешиктирип устадым және 5 күн ең кейін оразаны шыдай алмағасын ашып койдым, осы жылы қазамды 25 күн бе немесе 5 күн отейминбе

1 жауап

0 дауыс

Оразаның қазасы екі түрлі болады: үзірлі және үзірсіз.

Үзірлі себеппен ұсталмаған оразаның қазасы күнге-күн өтеледі. Мәселен, үш күн үзірлі себеппен ауыз ашса кейін үш күн ораза ұстап береді. Бұл үш күнді тұтас не болмаса бөліп өтесе болады. Мәселе, келесі оразаға дейін қаза болған ораза күндерін өтеп беруде. Сонымен қатар бұл жағдайда өтеп жатқан қазасы жұмаға тура келмеуі шарт емес.

Үзірлі жағдайға шариғат ауыз ашуға рұқсат еткен себептер жатады. Мәселен, науқастану себебінен дәрі ішу, әйелдердің етек кірі келуі т.с.с.

Үзірсіз жағдайға себепсіз ауыз ашу жатады. Мысалы, нәпсі талабына шыдай алмай ораза екенін біле тұрып ішіп-жеу, ері әйелімен қосылу т.с.с.

Оразада біле тұра аузын ашқан адам ашқан күннің қазасын өтейді және кәффарат төлейді.

Кәффарат – ораза екенін біле тұра қасақана ауыз ашқанның бұл дүниедегі жазасы болып табылады.

Оразаның кәффараты үш жолмен өтеледі:

1.      Құл азат ету;

2.      Бұған шамасы келмесе үздіксіз алпыс күн ораза ұстайды.

Кәффарат оразасы келесі ораза айына сәйкес келмеу шартымен, екі ай қатарынан ұсталады.

3.      Бұған да шамасы келмесе алпыс міскінді тамақтандырады.

Бұл жағдайда бір міскінді алпыс күн тамақтандырып яки алпыс кісілік пітір садақасын, не ақшасын берсе болады.

Мәлімет muslim.kz сайтынан алынды.

Ұқсас сұрақтар

...