Дипломмен ауылға бағдарламасына қалай өтініш жасай аламын?

0 дауыс
8.6k қаралым
1. Мен 2014 жылы битиргем окуды. Одан бери мамандык бойынша жумыс отилим жок. Осы дипломмен багдарламага катыса аламын.ба?
2. Егер қатысқан жағдайда мен қай жерге барып өтініш жасауым керек. Қай уақытқа деиін?
Қоғам

2 жауап

0 дауыс

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Көтерме жәрдемақы алған кезде: 1) өтініш(үлгі бойынша); 2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландыратын еңбек кітапшасының көшірмесі; 4) білімі туралы диплом көшірмесі; 5) көші - қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәіліметтер; 6) тиісті елді мекенде тұратынды- ғын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: 1) өтiнiш (үлгі бойынша); 2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; 4) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi; 5) сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; 5) көші - қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәіліметтер; 6) тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; 7) неке туралы кәулік көшірмесі некеде тұрған мамандар үшін); 8) аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Содан кейiн құжаттар- дың түпнұсқасы қатысушыға қай- тарылады. Айта кетейік, ережеде көрсетілмеген басқа да құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

— жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2121 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Нәтижесінде жоба бойынша қатысушы 148 470 теңге көлемінде жәрдемақы алады; — қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көсреткіш (3 181 500) деңгейінде 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсеті- леді.

КЕРЕК КЕҢЕС…

— Әкiмшi тиісті құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде оларды комис- сияға жiбередi; — Комиссия әкiмшiден құжаттар- дың келiп түскен күнiнен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне маманға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге ұсыныс жасайды; — Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссияның ұсыныстары келiп түскен сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде маман- дарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды; – Қаулы қабылданғаннан кейiн жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келiсiм жасалады; — Әкiмшi жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде көтерме жәрдемақысының сомасын мамандардың жеке есеп- шоттарына аударады немесе отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға несие ұсынылуы тиіс.

ҚОЛДАУ ТАПҚАННАН КЕЙІНГІ МІНДЕТ:

1. Әлеуметтк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруі тиіс. 2. Меншiгiне сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге міндеттеледі; 3. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi; 4. Егер де жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шаралары жоба қатысушысына берілсе, міндетті түрде ауылдық елді мекенде 3 жыл тұрақты жұмыс істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын үй сол кезеңде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде кепілде тұрады. 5. Әкімдікке тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынып отыруы керек. Жас мамандар сіздерден, әрбір іске ұқыпты және жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Осынша қаржыны қолға алған жас маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет жасау. Көрсетілген көмектерге қол жеткізген жас маман бағдарламаның шарты бойынша ауылдық жерде 3 жыл қызмет етуге және әр тоқсан сайын жұмыс орнынан тиісті орындарға анықтама өткізіп тұруға міндетті. Осы уақыт аралығында сатып алынған үйдің кепілде тұратынын да естен шығармау қажет. Егер көрсетілген ережелер жас қызметкер тарапынан бұзылса, ол барлық шығынды өтеуі тиіс.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

0 дауыс
саламатсыздар ма? менин есимим Динара. математика мамандыгы бойынша диплом алдым. енди сиздерден сурайн дегеним дипломмен ауылга багдарламасы бойынша Актобе каласында кай мекемеге жолыксам боладын? Облыстык акимдикке барганымда дурыс жауап ала алмадым.
127,680 сұрақ
322,229 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы