0 дауыс
3.6k көрілді
Түсімде ұнатқан сыныптас қызбен Вконтакте арқылы сөйлесіппін. Ол маған мені шын жақсы көресің бе? Онда екеуміз жүрейік деді. Бірақ өнімде онымен Вконтакте арқылы сөйлесіп көрмеппін. Бұл түстің мағынасы не екен?  Білсеңіздер айтып жіберсеніздер

2 жауап

0 дауыс

Атамзаманнан бері адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. 

Ғалымдардың айтуынша, мида адам баласы жаралғалы бергі барлық ақпараттық хабарламалар, деректер бар көрінеді. Дені сау, ақыл-ойы дұрыс дамыған деген адамның өзі ми қызметінің 3, әрі кеткенде 4 пайызын, тіпті ғұлама жанның өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатын көрінеді. Былайша айтсақ, ми — адам еркіндегі ақыл-ой және адамның еркінен тыс ақыл-ой орталығы болып екіге бөлінеді.

Түс жору — адам баласына даритын сирек қасиет. Түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн. Дегенмен жақсы түске де, жаман түске де садақа беру керек.

Түс көрудің бес түрлі себебі.

1. Ерекше әсер қалдырған, күндіз өңінде көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен түс көру.
2. Күндіз істеген шаруаларға, жұмыстарға байланысты түс.
3. Ауырған себепті көрген түс.
4. Аян беру.
5. Жанның мазасыздануына байланысты түс көру.

Алғашқы үш жағдайда көрген түске мазасызданудың көңіл аударудың қажеті жоқ. Ал аян берудің жөні бөлек. Қасиетті дін кітаптарында мұндай түсті жоруға болмайтыны айтылады. Осылардың ішінде ертедегі ойшылдардың басты зерттеу объектісі болғаны — жанның мазасыздануына байланысты түс.

Сондықтан да, түстіжорыр алдында мына жайларды анықтап алған жөн:

1. Түс көруші адамның денсаулығы қалай еді? Түскөрер алдында көңіл-күйіне ерекше әсер еткен жайларды бастан өткерген жоқ па?
2. Түс көрер алдында нендей іспен шұғылданды? Сол кезде оның көңілін алаңдатқан, ерекше назарын аударған жай болған жоқ па?
3. Түс көріп жатқан кездегі айналаңдағы ахуал қандай еді? Сартылдаған тарс-тұрыс дыбыс, музыка үні, өте суық немесе өте ыстық бөлме, тыныс тарылтар ауа түс көруіңе ықпал ететіні есіңізде болсын.
4. Көрген түстің басыңнан өткен оқиғалардың қайталануына немесе бұған дейінбастан кешкен жайлардың сәл-пәл езгертілген бейнесіне ұқсай ма?
5. Егер түскөруші адамның денсаулығы жақсы болса, егер түс өңінде көрген жайлардың әсерінен тумаса, егер айналаңда түс көруге әсер етерлік ерекше бір жағдай болмаса, егер түс бастан кешкен жайлардың қайталануы болмаса, онда мұндай түсті жан мазасыздығы деп айтуға негіз бар.

0 дауыс
Тусимде екі бақа кордім ол маған карап тур екен
...