0 дауыс
390 көрілді
Жұмыс істеп жүріп ара шаруашылығымен айналысуға болама.Кейбіреулер жұмыспен қатар алып жүруге болады дейді.Мысалы бір күнде қанша уақыт кетеді.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ара шаруашылығымен айналыспас бұрын өз уақытыңызды есептеп алу қажет, себебі аралар аса көп назар аударғанды қалайды. 

Жаңадан бастаған омарташылардың негізгі кемшілігі ойластырмағаны – арамен айналысуға асығыс шешім қабылдауы, нәтижесінде ағзаның ара шаққанын көтере алмауы, ара шаққанынан болатын ауру сезімін бастан өткергенде шыдамының жетпеуі проблемасы туындауы мүмкін. Мұның барлығы ара шаруашылығымен айналысудың аяқталуына әкеліп соқтырар еді, жаңадан бастаған омарташы залал көтеріп, салынған қаржы қаражаты желге ұшады. Мұндай жағдайды болдырмас үшін біз араларды өсіру үшін екі кеңес береміз. 

Нағыз омарташы деген кім?

Нағыз омарташының ара өсіру туралы белгілі бір білімі бар, үнемі жетілдіріп отыруды қалайды және сүйікті ісі туралы жаңа нәрселерді білуге құмар. Ең бастысы жаңадан бастаған омарташы табиғатты жақсы көруі, арамен жұмыс істеген кезде ұқыпты болуы, ұстамдылығы мен шыдамдылығы мықты болуы тиіс. 

Бір күнде омарташы болу мүмкін емес. Негізгі қиындығы араларды күтіп баптаудың ерекше тәсілдерін меңгеруде, сонымен қатар белгілі бір табиғат жағдайларына сай келетін араларды таңдай алуда болып табылады. 

Араларды қалай күту қажет?

Араларды күтіп-баптау бойынша ықтимал шығындар омарташының өзіне, оның ептілігіне, аралармен жұмыс істегендегі әрекетіне байланысты. Араның бір ұясын бағуға орташа алғанда жылына 14 сағат, ал 10 ұясын бағуға  бір  аптада  барлығы  5 – 6 сағат қажет болады. 

Неден бастау керек?

Аралар санын таңдау табиғат жағдайларына және әр адамның даралығына байланысты. Ара шаруашылығын жаңадан бастағандар аралардың 3-6 ұясын баққан тиімді болады. Жаңадан бастаушы ара шаруашылығының негізгі ережелерін игергенде, ол өз омартасын үлкейте алады. 

Орынды қалай таңдау қажет?

Егер жаңадан бастаған омарташыға сүйікті ісі үшін орын таңдау мүмкіндігі туындаған болса, онда аралардың табиғи ортасына сай келетін орынды таңдауы тиіс. Осылайша, омартаны төбеге немесе қырға жақын жерде орналастырған жақсы. Аралардың пайдалы ұшу радиусы барлық жаққа қарай кем дегенде 2 км болуы тиіс. Орналасатын жерінде балды өсімдіктер болуы тиіс. Омартаны желден қорғау қажет, мысалы оны оңтүстікке қарай көлбеулікпен қоюға болады. Омартаға күні бойы күннің жарығы  түсіп  тұруы  қажет. 

Омартаның  тиімді алаңы қандай? 

Омартаны бір бірінен 4 метр арақашықтықта орналастырады.  Қатарлардың арасындағы арақашықтық кем дегенде 6 метр болуы тиіс. Омартаны жеке секторда немесе саяжайда орналастыру үшін омарталарды тығызырақ қоюға болады. Анағұрлым пайдалы орындар шаруашылық құрылыстарының, қоршауларының күн түсетін жағын бойлай ағаштардың биік желектерінің асты болып табылады. Мөлшері 3*5м учаскеде аралардың 15 ұясын орналастыруға болады.

Қорғаныш киімі не үшін қажет?

Омарташының қорғаныш киімі ыңғайлы болуы, дене мен бетті араның шағуынан қорғауы, сонымен қатар санитарлық гигиена нормаларына сай болуы тиіс. Омарташының ең қарапайым қорғаныш киімі ақ халат пен бетті жабатын тор. Бірақ аса сенімді қорғану үшін сұр түсті қалың матадан жасалған комбинезонды пайдалану қажет. Сонымен қатар омарташының қорғаныш киіміне жұмсақ тығыз матадан тігілген биялай да жатады, онымен жұмыс істеу ыңғайсыздау. Сіз үшін омарташы болып жұмыс істеу қауіпсіз бе немесе ыңғайлы ма, оны өзіңіз шешесіз. 

 Бет жағында түгі бар күңгірт түсті киім араларды ұшықтырады. Сонымен бірге аралар тердің, бензиннің немесе түтіннің иістерін жақсы көрмейді. Аралардың ашуланғыштығы омарташының өзіне, тәжірибесіне, аралармен жұмыс істегендегі ұқыптылығына, жеке бас гигиенасына байланысты. Тәжірибе ала бастағанда омарташылар бетті жауып тұратын торсыз да жұмыс істей алады, бірақ шашын ақшыл түсті қалпақпен жауып қоюы қажет. 

Омарташының күнделігі.

Күнделіктің мақсаты селекция жүргізу және ең жақсы араларды таңдау үшін аралардың ұясының өнімділігін зерттеу болып табылады. Ара ұяларын үнемі есепке алу үшін күнделік жүргізіп тұру қажет, онда аралардың ұясының жай-күйі туралы жазбалар, жүргізілген жұмыстарды, омарталарды тексеруді есепке алу деректері жиналатын болады. Күнделік омарташы жіберіп алған кемшіліктерді де есепке алуға көмектеседі және оларды алдағы уақытта болдырмауға мүмкіндік береді. Аралардың бір ұясына 2 бет арнайды. Беттің үстіңгі жағына ұяның нөмірі, аналықтың шығу тегі мен тұқымы, туылған жылы көрсетіледі. Бағандарда  мыналар  көрсетіледі:

·  тексерген күні, араларға не берілгені: кәрез, бал, шәрбет, балауызы бар рамка, тексергеннен кейін не қалды: кәрез, өсімі, балтозаң.

·  маусым нәтижелері: қанша бал, балауыз алынды, қанша рамка орнатылды.

Күнделікті оқып тұру соңғы тексерген оқиғаны қалпына келтіруге көмектеседі. 

Табиғат жағдайына тәуелділік.

Ара шаруашылығымен айналысу үшін ауа райын әрқашан біліп отыру қажет. Ол омартамен жүргізілетін белгілі бір жұмысқа көңіл бөлуге, күнді жоспарлауға көмектеседі. Бір айға жасалған ауа райы болжамы аралардың ұяларын жаңа орынға көшіруге, аралар үшін қосымша жем дайындауға, жиналған бал сипаттамасын анықтауға көмектеседі. Ауа райы болжамы жаңадан бастаушылар да, тәжірибелі омарташылар да өз сүйікті ісінде есепке алуы тиіс негізгі аспектілердің бірі болып табылады. 

Бұның барлығын жаңадан бастаған омарташылар білуі тиіс негізгі сәттер.  Сіздерге  ара  өсіруде  сәттілік  тілейміз!  

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

0 дауыс
Сəлем. Егер шапшаң əрі тиянақты болсаңыз, жұмысты да қосып алып жүре аласыз. Жалпы ар/ш көп уақытты талап етпейді. Бір мезгіл ұяшығын (əр түрлі ауруларынан, шабуылдайтын зиянкестерден) тазалап тұру керек. Болды. Іске сəт.
...