География
2 ГИС ті қолдануды түсінген,
Жүріп тұру карталардың ізімен.
Ауа райы адын ала білдіріп,
Бағыт таптым компастың мен тілімен.
Географияны қолдануды өмірде,
Ұстаздардың арқасында түсінгем.
Информатика
Үлкен де кіші бас иетін,
Компьютер, қандай еді қасиетің.
Бір емес бірнеше іс тындырып,
Өмірдің талай ісін атқарасың.
Бұл пәннәң ұстаздары өте алғыр,
Сабағына қызығып, сап тұрасың.
Химия
Зиянды мен зиянсызды танытқан,
Н2О ның су екенін мен ұққам,
Элементтер тіршіліктің көзі ғой,
Қызық ғылым химияның өзі ғой
Бұл пәнімнің ұстаздары сабырлы,
Білімді ғалымдардың ізі ғой.
Алгебра
Тоғыз цифр, төрт амалмен бастадық,
Миға тоқып, көп есептен саспадық,
Алгебраның ұстаздары алтын ғой,
Басқа басқа сол сабақтан қашпадық!
Биология
Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,
Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.
Сен әкеңнен аумайсың, балам – ау, - деп
Бірден танып, өз тумама ұқсатқан.
Тіршілікті зерттейтін бұл пәнді, Ұстазым,
Сінің арқаң биологияны ұнатсам.
Дене шынықтыру
Дене шынықтыруды кім жақсы көрмейді?
Басқа пәнді біл мейлі білме мейлі,
Қашықтыққа жарысумен уақытқа,
Допты теуіп ойнағанға жетпейді,
Мұның бәрі ағайлардың арқасы,
Бұл сабақсыз күнің қызық өтпейді
Еңбек
Еңбек етіп, ерінбеуге үйреткен,
Тұла бойды жамандықтан жиренткен,
Бар кәсіптің қыр мен сырын танытып,
Санамызға білімменен гүл еккен.
Еңбек пәннің ұстаздары керемет,
Шәкірттерін адалдыққа бөленткен
Тарих
Бз дейіннен бастау алған тарихым,
Әр адамзат білу керек пайда болған тарихын,
Эволюция шегіндегі біздерге,
Түсіндірген тасқа ойған іздерден,
Біз үйрендік мұның бәрін, әрине,
Тарихымның ұстаздары сіздерден.
Физика
Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Жұлдызды аспан шеті менен шегі жоқ,
Ғажайыптың бар екенін білемін!
Оны үйреткен ұстаздарға мың алғыс,
Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін