0 дауыс
34.9k көрілді
Тамақ ішіп болғанда, ас қайыру кезінде қандай сүре оқиды?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ас ішерде оқылатын дұға

اَللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِيمَا رَزَقْتَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ بِاسْمِ اللهِ 

Оқылуы: 

«Аллаһумма бәрик ләнә фимә разақтәнә уа қина азәбәннар, бисмилләһи». Мағынасы: «Аллаһым! Бізге берген ризық-несібелеріңе береке бер және бізді от азабынан сақтай гөр! Аллаһтың есімімен». 

Астан кейін оқылатын дұға 

اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَطْعَمَنِى هَذَا وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّى وَلاَ قُوَّةٍ 

Оқылуы: 

«Әлхамдулилләһилләзи атамани һәзә, уә разақаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууатин» Мағынасы: «Менен ешбір күш-қуат жұмсамай бұл тағамды жегізген және оны маған ризық етіп берген Аллаһқа мадақ болғай».

Тамақты өте тоймай тұрып тоқтатқан абзал. Сүннет бойынша, ыдыста тағам қалдығын қалдырмау керек. Жәбирден (р.ғ): Пайғамбар () саусақтарды және табақты жалауды бұйырған және «Негізінде, сендер оның қайсысында береке барын білмейсіңдер» деп айтқан. (Муслим). Тым көп тағам қалатын болса, оны міскіндерге таратуға кеңес беріледі. Тамақтан кейін шүкір мен мақтау-мадақ айту. Әнәс ибн Мәликтен (р.ғ):«Алла Елшісі (): «Ақиқатында, Алла тамақ жеген соң, Өзіне мақтау айтатын немесе сусын ішкен соң Өзіне мақтау айтатын пендеге разы болады». (Муслим).

Мәліметтер mazhab.kz сайтынан алынды.

–1 дауыс
Тамақ ішіп болғаннан кейін сүре емес бата оқиды.
...