0 дауыс
16.1k көрілді
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар? 2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді? 4. Септеуліктер мен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 5. Септеуліктер мен жалғаулықтар қандай мағыналық қатынастарды білдіреді? 6. Демеуліктің мағыналық ерекшеліктеры мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айырмашылықтары қандай? 7. Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді және олар қалай жазылады? 8. Қандай шылаулар өздері қатысты сөздің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес дыбыстық өзгеріске түсіп қолданылады? 9. Қандай жағдайда сұраулық шылаулар -мы, -мі, -бы, -бі, -пы , -пі болып өзгереді және қалай жазылады? 10. Дефис арқылы жазылатын шылауларды атап, әрқайсысына мысал келтіріңдер.

1 жауап

0 дауыс

1. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

 * Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

 * Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

 * Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.

 * Шылаулар түрленбейді.

2. Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.

3. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.

4-5. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. 

Септеуліктер деп объекті мен объектінің арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.

6. Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.

Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар

  • сұраулық
  • шектік
  • нақтылық
  • күшейткіш
  • болжалдық
  • болымсыздық
  • қомсыну демеуліктері болып бөлінеді.

7-8-9-10. Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш. 

1. Ыңғайластық жалғаулықтар
(соединительные союзы) 
 
-және-әрі-мен-пен-бен-менен-пенен-  бенен-да-де-та-те-тағы- т.б.
/-и-/ Бірыңғай мүшелерді және салалас сөйлемдерді байланыстырады.
(Связывают однородные члены предложения и однородные предложения)
Мысалы: Өз сүйгенім үшін мен отқа да,  суға да ойланбай түсемін. 
 
2. Талғаулықты жалғаулықтар
(разъяснительно-разделительные союзы)
 
 
-не-немесе-я-яки-әлде-бірде-құй-не /я/ болмаса-біресе-мейлі-кейде-т.б.  /-или -то-то - ли- иногда и т.д./ Сөйлемдегі сөздерді бірыңғай мүше ретінде байланыстырады. (Соединяют в качестве однородных членов предложения слова, находящиеся в отношениях исключения, перечисления, чередования)
Мысалы: Бұл істі я мен бітіремін, я сен  бітіресің. 
 
3. Қарсылықты жалғаулықтар
(противительные союзы)
 
 
-бірақ-бірақ та-алайда-дегенмен- әйтпесе-әйткенмен-сонда-ал-сонда да-сөйтсе де-әйтсе де- өйтсе де -онда да - болмаса-әйтпегенде- т.б. /-но-все таки и т.д. / Қарсылықты қатынас мағынасы ретінде сөздерді, сөйлемдерді байланыстырады. (Соединяют слова, части предложения, отдельные предложения, выражая значение противопоставления, ограничения или результаты действия)
Мысалы: Ділдә сезді, бірақ ол түк  өкінген жоқ. (М.Ә.) 
 
4. Себеп-салдарлық жалғаулықтар
(причинно-следственные союзы)
-өйткені-себебі-сол себепті—сондықтан - - неге десең- сол үшін- т.б. /-потому что-по причине-так как/ 
 
5. Шарттық жалғаулықтар
(условные союзы) 

 
-егер-егер де- алда-жалда-әйтпесе- -онда- 
т.б.
/- если-/Негізгі сөйлемде белгіленген іс-әрекеттің орындалу шартын айқындап, сөйлемдерді байланыстырады.
(Присоединяют предложения, в которых раскрываются условия, при которых может осуществляться действие, обозначенное в основном предложении)
Мысалы:Егер ол келмесе, жоспар өзгереді. 
 
6. Ұштастырғыш жалғаулықтар  (смыкающие союзы)
-ал-ендеше-демек-яғни- /-значит-то есть-тогда-/ 
Жеке сөйлемдерді, абзацтарды байланыстыру үшін қолданылады. (Используются для связи отдельных предложений, абзацев)
Мысалы: Демек, жазбайсың?! 
 
Ескерту: -ал- жалғаулығы қарсылықты мағынада да қолданылады.
(союз –ал- также имеет значение противительности). 
Мысалы: Аспанға дейін түтінге қақалып, қарауытып тұр, ал қыз – аппақ , өң бойында қылау жоқ. 
 
3. Демеулік шылау - өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.  Демеулік шылаулары мағыналарына байланысты 6-ға бөлінеді: сұраулық , күшейткіш, нақтылық,  шектік, болымсыздық, болжалдық шылаулар. 
(Частицы – не изменяются, придают словам или предложениям различные значения. В зависимости  от значения частицы делятся на 6 видов: вопросительные, усилительные, уточняющие,  ограничивающие, отрицающие, со значением приблизительности)
1. Сұраулық демеуліктер
(вопросительные частицы)
-ма-ме-ба-бе-па-пе-ше-мы -мі Сұраулық сөйлемдерде қолданылады. Сұраулық реңкін күшейтеді. (Используются в вопросительных предложениях. Им сопутствует вопросительная интонация) Мысалы: Сен бе? Марат ше? Бар ма?
2. Күшейткіш демеуліктер (усилительные частицы)
-ау-ақ-да-де-та-те-ай-әсіресе- Сөйлемдегі күшейткіш мәнді білдіреді. –ау-ақ-ай демеуліктер дефис арқылы жазылады.(Используются для усиления различных эмоциональных оттенков в предложении. Три частицы пишутся через дефис)
Мысалы: Ой, айналайын-ау! Құрғыр-ай, жағаласпа!
3. Нақтылық демеуліктер (уточняющие частицы)
-ғой-қой-ды-ді-ты-ті- Айтылған ойдың нақтылығын дәлелдеу үшін қолданылады. (Используются для подтверждения истинности того, о чем говорится)
Мысалы: Апасының баласы –жақсы бала екен ғой.
4. Шектік демеуліктер ( ограничивающие частицы )
-ғана-қана-ақ-тек- Бір іс-әрекет, сапа, қасиет тек бір сөзді ғана айқындайтынын білдіреді.(Указывают, что данное качество, свойство, действие присуще только определенному слову) Мысалы: Ол кеше ғана келді.
5. Болымсыздық демеуліктер (отрицающие частицы)
-түгіл-тұрсын-тұрмақ- Нақты болымсыздық реңкін білдіреді. 
(Выражает подчеркнутое отрицание)
Мысалы: Сен түгіл мен де келдім.
6. Болжалдық демеуліктер (частицы значения 
приблизительности)
-мыс-міс-ау-екеш-ды-ді-ті-ті- Болжалды демеуліктер дефис арқылы жазылады. Болжау, күдік мағыналарды білдіреді. (Пишутся через дефис. Передают значение приблизительности, сомнения и т.д.) Мысалы: Ертең ол кетпек-міс. 

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

...