0 дауыс
908 көрілді
Ауа райының адам денсаулығына әсері қандай анатомиялық құбылысқа негізделген?

Анамның күн бұлтты кезде аяғы ауыратыны не нәрсеге байланысты екенін білгім келеді.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ауа райына байланысты наным-сенім, ырым-тыйымдар көп. Тіпті, адамның өзін жайсыз сезінуіне табиғат құбылыстары себепші деп ойлаймыз. Бұл тұжырымдар қаншалықты шындыққа жанасады? Анықтап көрейік.

“Жаңбыр жауса, бас ауырады”. “Жел соқса, сүйектер қақсайды”. “Аптап ыстықта бас айналады”. Осындай қате мифтерге сеніп жүре бергенше дәрігерге қаралып, аурудың себебін анықтап, алдын алған дұрыс дейді ғалымдар.

Денсаулық пен ауа райын байланыстыратын жалған аңыздардың тізімі төменде. Осыдан кейін бұл мифтерге сенбесеңіз болады.

№1 МИФ: Күйзеліс ауа райына байланысты пайда болады

Күз мезгілі көңілсіздіктің, қыс мезгілі бойкүйездіктің, көктем ауыспалы көңіл-күйдің уақыты, ал жаз айы жанға жайлы мезгіл деген тұжырым санада қалыптасып қалған заңдылықтар. “Адамның көңіл-күйі ауа райына байланысты қалыптасады” деген пікірге сенетіндер де баршылық.

Ғалымдардың айтуынша, адамның көңіл-күйі мен күйзеліске түсуіне жыл мезгілінің де, ауа райының да қатысы жоқ екен. Бұл тек адам ағзасынан бөлінетін гормондарға байланысты. Психологтар да адамдар ауа райына қатысты көңіл-күйді өз қалауымен жасап алатынын растайды. Сондықтан, ауа райы қандай болса, күйзеліске себеп іздемеңіз. Себебі, көңіл-күй табиғат құбылыстарының тылсым күшіне емес, санадағы сенімге байланысты.

№2 МИФ: Ауыспалы ауа райында ескі сырқаттар сыр береді

Температура амплитудасы жоғары болған жағдайда қан қысымынан зардап шегетіндер денсаулығына шағымданып жатады. Жүйке ауруы да ауа райына байланысты сыр береді деген миф бар. Ауыспалы ауа райы кезінде ескі сырқаттар сыр береді дегенге де сенудің қажеті шамалы. Медицина тілінде ауа райына тәуелді организм ауруларын метеопатия деп атайды. Алайда, бұл процесс тек қант диабетімен ауыратындарға және қан қысымынан зардап шегетіндерге ғана қатысты болып келеді.

Егер күтініп, денсаулығыңызға назар аударып жүрсеңіз, кез келген ауа райына қарсы тұратын иммунитет қалыптастырасыз. Қашан күн райы бұзылғанын күтіп, ауруды күтіп отырғанша, сырқаттың алдын алып, дәрігерге қаралған артық етпейді.

Толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

0 дауыс
Ауа-райының адам денсаулығына әсері әр түрлі болады мысалы күн бұл танған кезде адамдардың түр әлпеті өзгере бастайды яғни конил күйлер түсе бастайды ал күн ашык болған кезде конил күйлер котерилип жаксы болып калды кейбир адамдар күн шыкса куанбайды булттанып турса куанады сондықтан адамдардың барлығы бирдей емес адамдардың барлығына ауа райы бирдей жаға бермейди әр түрлі болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
8 жауап
Белгісіз 17.05.2014 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...