Компот үшін кептірілген жемістер сатып алды. Алма 45 % құрайды, алмұрт 30 % құрайды.

0 дауыс
3.1k қаралым
Компот үшін кептірілген жемістер сатып алды. Алма 45 % құрайды, алмұрт 30 % құрайды. Ал қалған 450 грамм қара өрік. Барлығы неше грамм жеміс?

Менің шығаруым бойынша 2950 шықты: 450: 0,45=1000 (алма)

450: 0,3=1500 (алмұрт)

1500+1000+450=2950.

Бірақ тексеріп көргенімде қате шықты. Сіздердің ойларыңызша менің шығарғаным дұрыс па?
Математика

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Дұрыс емес.

Ең бірінші, кептірілген жемістердің арасындағы қара өріктің үлесін(пайызын) табамыз, ол үшін 100%-дан алма мен алмұрттың үлестерін азайтып тастаймыз: 100%-45%-30%=25%

Екінші, кептірілген жемістердің ішіндегі қара өріктің үлесін тапқаннан кейін, пропорция әдісін қолданып барлық жемістердің массасын табамыз:

x - 100%

450 г. - 25%

x = 450*100%:25% = 1800 г.

Яғни бізде барлық кептірілген жемістер массасы 1800 грамм.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы