0 дауыс
2.2k көрілді
"Сынсонар" кезеңі бойынша бір тақырыпқа 5 сұрақ дайындаңдар.
Сынсонар деген

1 жауап

0 дауыс

Салт-дәстүрге байланысты 5 сұрақ

1 "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір.

Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.

2 "Байғазы" деген қандай дәстүр?

«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.
3 "Шілдехана" деген қандай дәстүр? 
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын алғашқы тойды шілдехана тойы деп айтайды.
4 "Тұсаукесер" деген қандай дәстүр? 

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын гұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.
5 Сыбаға, енші, бәсіре дегеніміз не?

Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
Енші (салт). «Оған бай қалың беріп, қатын әперді де, кейін енші беріп бөлек шығарады» (С.Мұқанов). Балаларды ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп, дүние – мүлікті «жасау» дейді.
Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Мәлімет ашық ақпарат көздері арқылы дайындалды

...