Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Yжәне Zәріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг(жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) — аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.
Дыбыс құраудың халықаралық қосалқы баламалары gh, ph, sh халықаралық жағдайларға ғана қолданылады.
Толықтыру:
1) Жуандық «`» белгісі «i» таңбасына қойылып, жуан [ы] дыбысын беруге арналған. М: ti`nh [тың], i`s [ыс], mi`s [мыс], mi`y [мый] т.б. «q», «x», «o», «u», «a», «i`» дыбыстары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa [қысқа], uzin [ұзын], xilim [ғылым], alim [алым], qorim [қорым], i`risti [ырысты]. t.b.;
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] aera [әра] мыңжылдық, «ое» [ө] poena [пөна] жаза және «ue» [ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы: poёta немесе poēta [поета] ақын. Ал қазақ тілінде олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қостаңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset т.б.;
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде [и] болып келеді. Сондықтан тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн.
4) "y" және "z" әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілівариантына жүгінгеніміз жөн. Латыншадағы «y» таңбасы қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Қазақ тіліндегі «r», «w», «y», «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстармен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: s`yliq, uw, uwis, kyw, jetisw, Jetis`w, swret, tyim, t`yim, kelw, aedeby, qi`ltyma, Atraw, qzil, qarz, traektr, t.b.
5) «і» таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia [ыталия], Russia [рұссия], Francia [франшия];
6) Халықаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi`mkent, Pharyza, Aebish т.б.
7) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona);
8) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu»[еу]. М: Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп; 9) Латынның «c» таңбасы «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы. Соған негізделіп, [ш] фонемасын белгілеген жөн. Латын тілінде классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан "g" әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырдағы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн;
10) Ал латындағы «х» таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус»әдебиеттерінде ол көбінесе қыпшақ тілінің [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн;
11) Латыншадағы «h» таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh;
12) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si`xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) т.б.;
13) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sansizbayev, Yelyena, Yevgyeniy, Qazanbayeva, Aytbayev, Tsaryeva, Yekatyeriyna t.b.
"К" әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы "K" немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн.
Классикалық латын тілі кезеңінде "u" және "i" әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі "v", "j" әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда "j"әріпінің орнына "і" әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, "j" әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson [жонсон].
Герман тілдеріндегі "w" әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеген жөн.
Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүтіндей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты.
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
* ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;
* rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;
* th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр ;
* ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;
* sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
* qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиентиа] білім. Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз.
Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ертеден-ақ басталған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармалары латын әліпбиінде жазылған болатын:
Мына сызбанұсқада латын әліпбиінің әлемде таралуы көрсетілген. Қою-жасылмен латын әліпбиі ресми (немесе де-факто ресми) жазу болатын елдер; ал ашық-жасылмен — латын әліпбиі басқа жазулармен қатар пайдаланатын елдер көрсетілген.