Мен алиментке берсем айлығынан неше процент ұсталады?

0 дауыс
704 қаралым
Саламатсыздарма, мен күйеуіммен загске тұрған жоқпыз! Бірақ балаға тегін берді. Қазір ажырасып жатырмыз, ол бұрынғы некесіндегі бір балаға алимент төлейді! Енді мен алиментке берсем айлығынан неше процент ұсталады?? Тағы үкімет тарапынан маған қандай көмек беріледі жалғызбасты ана ретінде?? Жұмыс істеймін, ай сайынғы айлық жалақым айына 30 000 теңгені құрайды??
• Санаты: Заң
санатын ауыстырды | 704 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Әрбір балаға 25 процент ұстайды. Негізі 1 бала 25 процент, 2 бала 33 процент, 3 және оданда көп болса 50 процент ұстайды. Егерде алимент алатын болсаңыз жалғыз басты әйелге жатпайсыз. Ал балаға төленетін жәрдемақыны тиісті жерлерге жүгініп көріңіз.

Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс
Егер екі некеде де бір-бірден ғана баласы болса, әр балаға жалақысының 25 пайызын береді.

Үкімет тарапынан үйде отырсаңыз, еш кірісіңіз болмаса, балаңыз жас болса (шамамен 10-12 жасқа дейін), жәрдемақы ала аласыз. Ол үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласыңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
127,937 сұрақ
322,812 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы