Ысық Баймұрат туралы ақпарат керек?

0 дауыс
1.0k қаралым
Ысық Баймұрат туралы ақпарат
• Санаты: Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс

Баймұрат Есенбайұлы (туған - өлген жылы белгісіз) — батыр. 18 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Ел аузындағы “Електің басы — Есенбай” деген қанатты сөздегі Есенбай — Баймұраттың әкесі. Баймұрат батыр Әбілқайыр ханның Ресейге бодан болу ниетіне белсенді қарсылық көрсетіп, 1731 жылы қарашада жасағымен хан ордасын, М. Тевкелев басқарған Ресей елшілігі түскен үйді қоршап алады. Хан ауылынан жылқы айдап әкетеді. Тевкелев батырмен оңаша кездесіп, оны көндіреді. Әбілқайыр ханның қайтыс болғанын естіген Баймұрат 1748 жылы қазанда анасы Бопайға бара жатқан Нұралыға ерген 12 адамның бірі болып көңіл айтуға хан ордасына барады. Кейін Баймұрат хан кеңесінің мүшесі болады. Оның есімі қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда асқан ерлік көрсеткен батыр, белгілі би ретінде ел есінде сақталған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
16.05.2022 • Санаты: Тарих сұрақтары Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
1.11.2023 • Санаты: Тұлға, Адам Мұстафа сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы